Жанкелдин ауданындағы Ақкөл ауылында оқыс жағдай болды. Жасөспірімдер төбелесінен бір жеткіншек көз жұмды.
Мектеп ғимаратында өткен жаңа жылдық кеште тоғызыншы сынып оқушысы мен колледж студенті арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Салдарынан 15 жасар бала қайтыс болды.
Оқиғаға қатысты Қостанай облыстық полиция департаменті пікір білдірді.
«Осы факті бойынша Жанкелдин ауданының полициясы ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігіне сәйкес, “Жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” айыбымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазір барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – делінген хабарламада.