Қостанай қаласының 145 жылдығына орай, облыстық «Қостанай таңы» газеті «Ракурс» атты облыстық фотобайқау жариялаған еді. Бүгін қорытындысы шығарылып, жүлдегерлер анықталды.
Қостанай облысында 20 мыңға жуық татар-башқұрт ұлтының өкілдері тұрады
Өңірде жұмыс істеп жатқан этномәдени бірлестіктердің ішінде «Дуслык» татар-башқұрт мәдени орталығының алатын орны ерекше. Бүгінде қазақ жеріне сіңісіп, өз отанындай көретін диаспора қай жағынан да даму үстінде.
Ұлттық ұланның әскери бөлімі жазғы оқу кезеңінің қорытынды тексерісін тапсыруды аяқтады
Бірнеше күн ішінде 6697 әскери бөлімінің офицерлері мен әскери қызметшілері мемлекеттік-құқықтық даярлық, дене шынықтыру, атыс даярлығы бойынша сынақтардан өтті, радиациялық химиялық және биологиялық қорғау жөніндегі нормативтерді орындады, сондай-ақ жеке құрамда жалпы әскери жарғы бойынша білімдері тексерілді.
«Қонайдағы» қоныстой
Республика күніне орай Қостанай қаласының «Қонай» шағын ауданында 16 пәтердің кілті табысталды. Баспаналы болғандар қатарында көп балалы және толық емес отбасылар, мүгедектер мен жетім балалар бар. Қоныстанушылардың қуанышына қала әкімі Марат Жүндібаев ортақтасты. Шағын ауданның 83-ші кварталында салынған №1-ші тұрғын үйде барлығы 45 пәтер бар. Ауласы абаттандырылып, балалар және спорт алаңы салынған. Бейнебақылау арқылы маңайы […]
Тазалық айлығы басталды
Қостанай қаласы әкімдігінде өткен аппарат отырысында қала әкімі Марат Жүндібаев тазалық айлығы басталғанын хабарлады. Қостанай қаласында санитарлық тазалық айлығы 25 қыркүйек пен 25 қазан аралығында жүргізіледі.
Қостанайдағы орталық саябақ жаңа кейіпке енбек
Қостанай қаласының орталық бөлігінде ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған іс-шаралар Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық форумына дайындық шеңберінде қолға алынған болатын.