Соңғы кездері ұлттық нақышпен өрнектелген киімдер сәнге айналып келеді. Былтырғы жылы қаракөз қыздарымыз түрлі салпыншақпен көмкерілген тақия киіп жарысса, биыл ою-өрнегі бар корсеттер қайтадан сәнге оралды.
Ұлттық нақышты дәріптеп жүрген қостанайлық қолөнер шеберінің көрмесі ашылды
Суретші-қолөнерші Арлан Аңқауовтың ерекше қолөнер бұйымдары көпшілікке жақсы таныс. Оның «Arlan Design» студиясы балаларды тәрбиелеп, баулиды. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында шебердің «Бабалар ізімен» атты көрмесі ашылып, бұл жолы тек өзінің ғана емес, шәкірттерінің де жұмыстары қойылды.
