Қостанай жоғары политехникалық колледжінің студенті Арина Казимова пластикалық бөтелкелерді бірегей декор элементтеріне қайта өңдеу бойынша EcoPrint Decor жобасын әзірледі.
“Большевичка” тігін фабрикасы – “Қазақстанның үздік тауары” байқауының жеңімпазы
Бұл мәртебелі марапат кәсіпорынның алғашқы жүлдесі емес. Өндіріс ошағы бұған дейін талай жүлдені өңгерген. Бірақ, бұл жолғы марапаттың жөні бөлек дейді фабрика директоры Арсен Жетпісбаев.
Ұлттық өнерді ұлықтаған ұстаз
Гүлшат Хамзина – қаласының тұрғыны. Құрақ көрпе тігуді жастайынан меңгерген. Жанкелдин ауданында туып өскен Гүлшат Бақытжанқызының негізгі мамандығы – мұғалім. Екі баласын тәрбиелеп өсіріп, олардан үш немере сүйіп отырған аяулы әже. Қолөнерге бейімділігі анасынан дарығанын айтады.
Ринат грант иегері
Арқалық политехникалық колледжінің білім алушысы Ринат Нұрмихаметов облыстық қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Мемлекеттік жастар саясатын насихаттау және бастамашыл, дарынды жастарды қолдау жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы аясында өткізілген «Тәуелсіздік ұрпақтары» стартап жобалар байқауында жеңімпаз болып танылып,500 мың теңге грант иегері атанды.
«Асыл мұра – 2023» көрмесі Қостанайда
Қостанайда алғаш рет «Асыл мұра – 2023» Қазақстандық брендінің көрмесі ұйымдастырылды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген шеберлер мен дизайнерлер бір алаңға жиналды.
«Qolóner» қоғамдық қоры дәстүрлі қолөнерді дамытуда
Қостанай облысы қолөнершілерінің «Qolóner» қоғамдық қоры қазақ халқының дәстүрлі қолданбалы өнер шығармашылығын дәріптеу жобасын қолға алды. Жоба аясында «Атамекен» кәсіпкер палатасымен бірлесіп, талабы бар жандар шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік алып отыр.
Жануарлар әлемі: суретші А.Тимошенконың көзімен
Фотограф десе жиын-тойды естелік суретке түсіруші адам көз алдымызға елестейтіні рас. Шындығында, фотоға түсіре білу де үлкен өнер. Бүгінде фотосурет саласы қарқынды түрде дамып, аталмыш мамандық иелері сурет көрмелерін жиі ұйымдастыруда.
Қостанайда ұлттық қолөнер орталығы ашыла ма?
Тобыл-Торғай өңірі қолөнер шеберлеріне кенде емес. Бірі – ағаштан түйін түйсе, бірі – зергер, шебер, тоқымашы. Осы ұлттық өнердің шырағын сөндірмей келе жатқан қолы алтын азаматтарымыз көмекке мұқтаж. Оларға үкімет тарапынан қолдау қажет. Дәл қазір билік тарапынан сұрайтындары бір-ақ нәрсе. Ол – ұлттық өнер орталығын ашатын ғимарат. Әйтпесе біздің қолөнершілер тарыдай шашылып, қуықтай жерді жалға […]
Ұлттық нақыштағы корсет сәнге айналды
Соңғы кездері ұлттық нақышпен өрнектелген киімдер сәнге айналып келеді. Былтырғы жылы қаракөз қыздарымыз түрлі салпыншақпен көмкерілген тақия киіп жарысса, биыл ою-өрнегі бар корсеттер қайтадан сәнге оралды.
Ұлттық нақышты дәріптеп жүрген қостанайлық қолөнер шеберінің көрмесі ашылды
Суретші-қолөнерші Арлан Аңқауовтың ерекше қолөнер бұйымдары көпшілікке жақсы таныс. Оның «Arlan Design» студиясы балаларды тәрбиелеп, баулиды. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында шебердің «Бабалар ізімен» атты көрмесі ашылып, бұл жолы тек өзінің ғана емес, шәкірттерінің де жұмыстары қойылды.