«Халықтың көші-қоны туралы» заңды іске асыру аясында 2023 жылғы шілдеден бастап Қазақстанда қандас мәртебесін берудің бес негізгі шартын қамтитын жаңа тәсілдер енгізілді. Оларды іске асыру шеңберінде өткен кезеңде қандас мәртебесі 10 563 этникалық қазаққа берілді деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жыл басынан бері 7,3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 7 353 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 135,7 мың этникалық қазақ оралды деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
“Көмектен құр қалмаймыз ба?”: Рудныйға көшіп келген қандастар мәселе көтерді
Өткен жылдың жаз айынан бері елге оралғандар бір жылға жуықтаса да, мемлекет тарапынан берілетін тиісті көмекті ала алмай отырмыз деп қынжылады.
Әлемде қазақ ұлты біреу болса, оның отаны да жалғыз
Жақында Астана қаласында Сыртқы істер министрлігіне қарасты республикалық «Отандастар» қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұйымдастырған «Отандастар» форумы өтті. Атажұртта сырттағы қандас-қазақтардың басын қосқан осы айтулы жиынға қатысып қайтқан «Отандастар» қорының Қостанай облысы бойынша фронт -кеңсесінің сарапшысы Нәзира Жәрімбетова редакцияның бүгінгі қонағы болып отыр.