Әлеуметтік желілерде осындай бейнежазба тарап жатыр. Жағдайдың мәнісін білмекке аудан әкімдігіне хабарластық.
Қостанай облысында 174 ауыр жүк көлігі жолда қалып қойды
Қарлы боран мен көктайғақтың салдарынан Қостанай облысының жолдарында ауыр жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелген. Шектеулер төрт облыстық және екі республикалық маңызы бар жолда енгізілді.
Сәбидің ойыны қауіпті жағдайға әкелді
Қостанайдағы көппәтерлі үйлердің бірінде кішкентай қыз ойнап жүріп, басын баспалдақ таяқшаларының арасына қыстырып алып, өз бетінше шыға алмай қалған.
Көкалатта қар құрсауында қалған 18 адам құтқарылды
Жанкелдин ауданы Көкалат ауылынан 30 шақырым жердегі «Торғай-Көкалат» автожолында бірнеше жеңіл көлік қар құрсауында қалып қойған.
Қар құрсауынан тағы алты адам құтқарылды
Арқалық қаласынан 40 шақырым жердегі «Арқалық-Торғай» автожолының жабық учаскесінде қар құрсауында екі жеңіл көлік қалып қойған.
Қостанай құтқарушылары қар құрсауынан 39 адамды құтқарды
Облыс аумағында қалың қар мен боран салдарынан ондаған көлік жолда қалып қойды.
Ұзынкөлдік отбасы қалың өрттен аман қалды
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының орталығында түн ортасына таман отағасы түтіннің иісінен өзі оянып, жұбайына 112 пультіне қоңырау шалуды бұйырды.
ТЖМ әскери қызметшілері 27 адамды құтқарды
Кеше ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінің жеке құрамы Қостанай облысының аттас ауданындағы Қарасу елді мекеніне бара жатып, жолда қар құрсауында қалған көліктерге тап болды.
ТЖМ қызметкерлері 31 адамды қарлы тұтқыннан құтқарды
Аманкелді ауданының Амантоғай ауылынан 20 шақырым жерде «Әулиекөл-Жалдама» тас жолында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолаушылары бар 19 көлік қар құрсауына түсті.
Құтқарушылар Қырғыз Республикасының азаматтарына көмекке келді
Арқалық қаласынан 100 шақырым жердегі «Жезқазған-Петрапавловск» автожолында жеңіл автокөлік ауа-райына байланысты жолдағы бағдарынан айырылып, жүргізушісі құтқару қызметіне көмекке жүгінді.