Әлеуметтік желілерде осындай бейнежазба тарап жатыр. Жағдайдың мәнісін білмекке аудан әкімдігіне хабарластық.
Ол жердегі мамандар ағын су бөгетті,анау айтқандай, жырып кетпегенін айтып отыр.
“Ол арнайы көпірдің астымен доғал арқылы ағып жатқан шалшық су. Негізі жол бөлімінің мамандары қадағалап отыр. Толық ақпаратты облыстық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы бере алады. Бұл жұмыстар сол кісілердің құзырында”, – деп жауап берді Жанкелдин ауданының ішкі саясат бөлімінен.
Бұған дейін Ахмет Байтұрсынұлы ауылының, Аманкелді ауданы Үрпек-Қабырға жолдарын су жырды деген хабар тараған. Бүгін түскен дейін Үрпек-Қабырға жолы қалпына келтірілді деген ресми ақпарат келіп түсті.