Тасқын су жол жиегін бүлдірді

Тасқын су жол жиегін бүлдірді

Кеше түстен кейін облыстық маңызы бар «Арқалық-Торғай» автожолының 285-шақырымында (Торғай ауылы маңында) еріген қар суының көптеп жиналуынан су өткізгіш құбырлардың біраз бөлігі шайылып, жол жиегінің бір бөлігі бүлінді.

Осыған байланысты жедел штаб түсінік беріп өтті.

“Оқиға орнына жедел түрде жол қызметі жұмылдырылып, қауіпсіздік шаралары қолға алынды. Атап айтқанда, тиісті жол белгілері қойылып, қоршау ленталары тартылды, кезекші бекет ұйымдастырылды. Қазіргі таңда су деңгейі төмендеп, жолды бекіту жұмыстары басталды. Көлік қозғалысы қалыпты жағдайда қамтамасыз етілуде”, – делінеді облыстық жедел штаб ақпаратында.

Жаңалықтармен бөлісу