Қазіргі таңда қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың тілдік дағдысын дамыту, коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру аса маңызды болып саналады. Яғни, қазақ тілінен алған білімдерін күнделікті өмірде тілдесім, тыңдалым, жазылым әрекеттерінде қолдана білуге бағыттайды. Оқушылардың жалаң грамматика жаттамай, тіл білімі салалары бойынша меңгерген білімдерін, игерген дағдыларын өмірде қолдана білуі бүгінгі күннің талабы. Мектеп қабырғасындағы тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым […]
Еліміздегі ерте жастан қолдау қызметтері
Осы жылдың сәуір айынан бастап еліміздің 11 пилоттық өңірінде «Дара» қоры «Шеврон» компаниясының қолдауымен Оқу-ағарту министрлігімен және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің арнайы және инклюзивтік білім берудің ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен серіктестікте «Мүмкіндіктер уақыты» жобасын жүзеге асыруда.
«ТАБИҒАТ ТАЗАЛЫҒЫ – ҰЛТ САУЛЫҒЫ»
Красный Кордон ауылында «Табиғат тазалығы – ұлт саулығы» атты облыстық көшпелі семинар өтті. Іс-шараны ұйымдастырған Л.Толстой атындағы облыстық әмбебапғылыми кітапханасы мен Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі онда экологиялық тәрбиенің өзекті мәселелерін талқылау үшін облыстық, қалалық және аудандық кітапханалардың басшылары мен кітапханашылары жиналды.
«Саламатты өмірді қолдаймыз»
Саламатты өмір салты біздің мақсаттарымыз бен міндеттерімізді орындауға, жоспарларымызды сәтті жүзеге асыруға, қиындықтарды жеңуге, қажет болса, үлкен жүктемелермен күресуге көмектеседі. Адамның өзі қолдайтын және нығайтатын мықты денсаулық оған ұзақ және қуанышты өмір сүруге мүмкіндік береді.
Мектеп жасына дейінгі бала тұлғасының қалыптасуына отбасының ықпалы
«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген халқымыздың қасиетті сөзінен отбасының бала тәрбиесіндегі орны ерекше екенін көруге болады. Отбасынан бастау алған бала тәрбиесі, балабақша тәрбиесіне ұласады. Баланың сәби кезіндегі аса жауапты тіршілік әрекеттері, отырып- тұрудан бастап, тамақ ішу, тазалық сақтау, бір-біріне қайырымдылық жасау, тіл үйрену, айналаны танып-білу балабақшадағы тәлім-тәрбиеден бастау алатыны даусыз. Осы заманғы […]
Азаматтық сот ісін жүргізудегі медиация
Қазіргі таңда азаматтық істер бойынша дауларды шешу барысында Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 17-тарауына сәйкес тараптарды татуластыру рәсімі ретінде медиация қолданылады. Медиация деп тараптардың өздері, бірақ үшінші бейтарап тұлғаның көмегімен, екі жаққа да қолайлы шешімге қол жеткізуге негізделген дауды (жанжалды) реттеу рәсімі деп түсіну керек. Басқаша айтқанда, медиация екі тараптың да мүдделерін қанағаттандыратын келісімге қол […]
Жазды қуанышқа толтырайық
Жыл сайын оқу жылы аяқталғаннан кейін балалар жазғы лагерлерге асығады. Қуанышқа толы көңілді жаздың ұмытылмас естеліктері жазғы ашық алаңда басталады. А.Байтұрсын- ов атындағы бастауыш гимназия жанынан құрылған «Жауқазын» сауықтыру алаңқайының басшысы Васецкая Любовь Евгениевна және үйірме жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Жауқазын» сауықтыру алаңқайының ашылуы 3 маусым күні өткізілді.
Жылдың үздік оқырманы анықталды
Әдеби кітаптар мен оқулықтар – білім көзі, рухани қазына. Біздің рухани құндылығымыз, теңдесіз байлығымыз, өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтерді де, талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтардың көзі – осы кітаптар.
Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы
Фурманов жалпы білім беретін мектебінде «Жаңартылған білім беру аясында қазақ тілі мен әдебиетін ұлттық құндылықтар негізінде оқыту жолдары» тақырыбында қалалық семинар болып өтті. Басты мақсаты – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби дамуы жолында ұлттық құндылықтар негізінде оқытудың тиімділігін арттыру. Ұлттық құндылықтарды жаңғырту, оқушылардың бойындағы елжандылық сезімін ояту және туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, […]
Тарихтан сыр шертеді
Дорожный филиалы кітапханасында Қостанай қаласындағы №10 жалпы білім беретін мектептің оқушылары арасында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған «Адамдар және тағдырлар» естелік сабағы өтті.