Тұрғын үй қатынастары саласындағы даулар

Тұрғын үй қатынастары саласындағы даулар

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қолданысқа енгізілген сәттен бастап азаматтардың тұрғын үй қатынастары саласындағы бұзылған құқықтарды қорғау үшін ӘРПК нормаларын пайдаланудағы белсенділігі артты.

Талап арыздар санының артуына өтініш берушілердің (халықтың әлеуметтік осал топтары, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері) сотқа тұрғын үй алуға кезекте тұруды қалпына келтіру, тұрғын үй жалдау шартын заңдастырудан бас тарту жөніндегі шешімнің, сондай-ақ ипотекалық кредиттер бойынша міндеттемелері бар әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің тұрғын үй төлемдерін тағайындау комиссияларының тұрғын үй төлемдерін беруден бас тартуларынадау айту туралы талаптары бар өтініштерінің өсуі ықпал етті.

Бұл бұрын алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздарын өтеу үшін тұрғын үй төлемдерін пайдалану туралы аталған санаттағы адамдардың жағдайын жақсартатын заңнамаға өзгерістер енгізуге, сондай-ақ соттардың ӘРПК-нің 8-бабында бекітілген әділдік пен парасаттылық қағидаттарын қолдануы мәселелеріне байланысты болып отыр.

Мәселен, 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін облыс соттарына 240 талап-арыз келіп түсті.

Бұл ретте істердің 70%-дан астамы өтініш берушілердің пайдасына қаралды.

Даулардың едәуір саны тараптардың татуласуымен тоқтатылады: 2024 жылдың 9 айында медиативтік келісімнің бекітілуіне байланысты осы санаттағы істердің 46,5%-ы аяқталды.

Әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекке қойылмауына немесе уақытылы қойылмауына дауласатын талап-арыздарының едәуір саны қаралды.

Әдетте, істердің осы санаты бойынша мемлекеттік органдар өз іс-әрекеттерінің заңсыздығын сезіне отырып, соттың көмегімен талап қоюшылармен татуласады, оларды тұрғын үйге кезекке қоюға немесе қалпына келтіруге міндеттеме алады.

Сондай-ақ, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің сотқа жүгінуі белсенді бола бастады.

Мысалы:

1.Ішкі істер органдарының қызметкері Қостанай облысы полиция департаментіне тұрғын үй комиссиясының шешімін заңсыз деп тану және күшін жою туралы және тұрғын үйге мұқтаж деп тану және тұрғын үй төлемдерін тағайындауға міндеттеу туралы талап арызбен жүгінді, бұл талаптарды ипотекаға 3 бөлмелі пәтер сатып алғандығынан егіздеді, сондықтан тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй төлемдеріне құқығы бар.

Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен талап қанағаттандырылды.

Қостанай облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен сотшешімі күшінде қалды.

Талапты қанағаттандыра отырып, соттар тұрғын үй комиссиясының талапкерді тұрғын үйге мұқтаж деп танудан және оған тұрғын үй төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы шешімін заңсыз деп таныды, өйткені талап қоюшының асырауында бала күтімі бойынша демалыста жүрген жұбайы, төрт жас баласы және қарт анасы бар екендігі сенімді түрде анықталды. Бұрын талап қоюшыға тиесілі 1 бөлмелі пәтер, тұрғын ауданы 15,9 ш.м., заңнамада белгіленген нормативтерге сәйкес, талап қоюшымен оның отбасының алты мүшесі тұруға жарамсыз болып табылмады. Бұл пәтер 3 бөлмелі пәтерді ипотекаға сатып алу үшін бастапқы жарнаны енгізу арқылы тұрғынүй жағдайын  жақсарту мақсатында сатылды. Сондықтан сот дауды шешу кезінде ӘРПК-нің 8-бабында көзделген әділеттілік қағидатын қолданды, өйткені бұл пәтер тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін сатылды, талап қоюшының отбасы көп балалы болып табылады және халықтың әлеуметтік осал топтарына жатады.

2.Сондай-ақ, асырауында 5 кәмелетке толмаған баласы бар көп балалы ана болып табылатын ішкі істер органдарының басқа қызметкеріне тұрғын үй төлемдерін алу құқығы қалпына келтірілді.

Анықталғандай, пәтер ипотекалық шарт бойынша сатып алынған, демек, 2022 жылғы сәуірде тұрғын үй заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, ипотекалық қарыз немесе кейіннен сатып алу арқылы жалға алу негізінде тұрғын үйі бар ішкі істер органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерін алу құқығы берілген.

Тұрғын үй даулары бойынша талап-арыздарды қанағаттандыру себептері жергілікті атқарушы органдармен тұрғын үй комиссияларының өтініштерді үстірт қарауы, лауазымды адамдардың міндеттерді тиісінше орындамауы, әкімшілік рәсімді жүргізу тәртібін бұзуы, өтініштерді қарауға және олар бойын шашешімдер қабылдауға формальды көзқарас болып табылады, бұл ӘРПК-де көзделген әкімшілік рәсімдердің қағидаттарынада сәйкес келмейді, оларды бұзу қабылданған әкімшілік актінің күшін жоюға әкеп соғады.

Әсел Досымова,

Қостанай облыстық сотының

Әкімшілік істер жөніндегі

Сот алқасының судьясы