Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеген жан әрине ана. Ана – қасиетті жан. Қазіргі қоғамда жиі кездесетін мәселелердің бірі – жалғыз басты ана мен көп балалы аналардың құқықтары әрі мәртебесі. Қайда барсақ та қоғам ортасында көзге түсетіні – тас- танды бала, ішкіш ата-ана, зәбір көрген жасөспірім. ҚР өзінің тәуелсіздігін алғаннан бері, әр бағытта заңдар шығарып келеді, бірақ бұл заңдардың пайдасы шамалы сияқты, себебі жалғыз басты аналардың құқықтары әрі мәртебесіне бұл аз. Мемлекеттің басты қазынасы ол адам. Осы мемлекеттің қазынасына үлес қосып жүрген жандардын бірі – ата-ана. Сол үшін көп балалы аналардың және жалғыз басты ана мен әкенің де құқықтары мен мәртебелерін көтеру керек. Заман талабы ма, әлде қоғамның өзгергені ме? Жылдан-жылға өмір сүру қиындап барады.
Осы көп балалы ана дегенде ойға бірден ата-әжелеріміз түседі, себебі кеңес үкіметі кезінде көп балалы әжелеріміз көп болған, әр шаңырақта аз дегенде 7-8 бала, көп дегенде 10-12 баладан. Сонда «неге қазіргі жастар осылай бала тумайды?» деген сұрақтар туындайды. Осы мәселеге мән беру үшін біз қоғам ортасына шығып адамдардан жауап іздедік, оқушылар мен студенттерден электронды сауалнама алдық. Сондағы естігеніміз, болашақта көбі көп балалы болғысы келмейді, жалғыз басты ана немесе әке дегенде қорқыныш, үрей тудырады екен. Сондықтан мемлекет тарапынан әлі де қоғамдағы осындай адамдардың құқығын, мәртебесін көтеру және жағдай жасалуы керек екенін түсіндік.
Өзіміз тұрып жатқан қаламыздың өзінде жалғызбасты аналар мен әкелер, көп балалы аналарымыз бар. Кейбір осындай деңгейдегі аналарымызбен кездесіп жағдайларын сұрап, әлеуметтік көмек жасап, аз да болса үлесімізді қостық. Сонда көзімізбен көрген, ішті өртейтін өкінішті жағдайларға да куә болдық. Қазір телеарналардан, әлеуметтік желілерден осындай деңгейдегі ата-аналарға блогерлердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың, кәсіпкерлердің жаны ашып, көмек қолын созып жатқанын да жиі көріп жатамыз. Осы орайда көп балалы аналарға мемлекет те жан-жақты көмек берсе екен дейміз. Өйткені мемлекет халықсыз, халық мемлекетсіз өмір сүре алмайды. Сол үшін мемлекетіміз өзінің қазынасы – халқына көңіл бөледі деген үміттеміз!
Үмітгүл БАЙТІКЕНОВА,
С.Мәуленов атындағы гимназияның тарих, құқық және экономика негіздері пәнінің мұғалімі,
Жансая Жапар,
8«А» сынып оқушысы