Бүгінде білім ордаларының барлығына 100% бейнебақылау камерасы орнатылған. Мұның сыртында, дауыстық ескертулерімен және жедел басқару орталығына шығатын дабыл түймелерімен жабдықталған. Бұл туралы қала әкімдігінің аппарат мәжілісінде айтылды.
Қостанайда «Береке», «Әуежай» шағын аудандарына қатынайтын күре жол пайдалануға берілді
Жолдың ұзындығы – 1,1 шақырым. Екі қозғалыс жолағы, жаяу жүргіншілерге және велосипедпен өтуге арналған жолдары бар. Жарықтандыру, азаматтардың қауіпсіздігіне қажетті барлық белгілері жан-жақты ескерілген.
Қостанайда смарт-орталық ашылды
Қостанай қаласының «Юбилейный» шағын ауданында «IQOSTANAY» оқушылар сарайы пайдалануға берілді. Мұнда 600-ден астам бала түрлі үйірмеге қатысып, жан-жақты дамуына мүмкіндік алмақ.
Қостанайда атауы бірдей көшелер адамдарды шатастырып жатыр
Қостанай қаласында 2017-2022 жылдар аралығында 7 көшенің атауы ауысқан. Ал, аты қайталанатын 23 көше бар. Әкімдікте өткен жиында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сәуле Әзімжанова ономастикалық жұмыс жөнінде баяндап берді.
Әл-Фараби даңғылы мен Байтұрсынұлы атындағы көшенің дизайн-кодын визуализациялау жобасы таныстырылды
Дизайнерлер жобада сыртқы қала аумағындағы ғимараттар көрінісінің, іргелес жалпы ландшафтының дизайнын көрсетті. Бұл туралы Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев аппарат кеңесінде айтып берді.
Жыл басынан бері 375 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Бұл биылғы тұрғын үй жоспарының 75 пайызын құрайды.
Қостанайда жаңа қонақ үй салынады
Бүгін облыс әкіміне туризм саласындағы жаңа инвестициялық жоба — «Hilton Garden Inn» премиум-класты қонақ үйінің құрылысы таныстырылды.
Қостанай қаласының бюджеті 120,7 млрд теңгеге жетті
Бұл туралы әкімдікте өткен аппарат кеңесінде қаржы бөлімінің басшысы Раиса Айтқожинова баяндап берді. Соңғы тоғыз айда 7,6 млрд теңге түсіп, жоспар асыра орындалғанын айтты.
Қалаға қажетті кәсіп керек
Жыл сайын жаңадан кәсіп бастағандар үшін жұмыспен қамту орталығы арқылы гранттық қаржыландыруға байқау өткізеді. Биыл жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 35,9 млн теңгеге 26 грант берілген. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен жиында кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мира Қазкеева айтты.
Орталықтағы жол учаскесі уақытша жабылды
Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев тұрғындарға орталықтағы жол учаскесінің уақытша жабылғанын ресми парақшасында хабарлады.