Биыл еліміздегі кәсіподақтар ұйымының құрылғанына 120 жыл толды. Кәсіби мерекелер күнтізбесінде 10-қазан кәсіподақтар күні деп белгіленген.
Қазақ балы Еуропаға жол тартты: алғашқы 20 тонна Венгрияға жөнелтіледі
Қазақтың табиғи балына Еуропа нарығы қызығушылық танытып отыр. Венгрияның екі ірі компаниясы – Aranynektár Kft және Fulmer Hungarian Honey Ltd – отандық өндірушілермен тікелей жұмыс істеуге ниет білдірді.
Мемлекеттен 1,5 миллион теңге грантын қалай алуға болады?
11 тамыздан бастап екінші лек бойынша жаңа бизнес идеяларды іске асыруға грант алуға өтініш қабылдау басталады. Гранттың мөлшері – 400 АЕК (1 572 800 тенге). Мұны қалай алуға болатынын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері түсіндіріп берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Денисов ауданында демалыс базасы ашылды
Табиғат аясына саяхат жасап, қоршаған ортаны қорғауды мақсат еткен – экотуризм бағыты Денисов ауданында дамуда. Осы бағытта «Шаңырақ» демалыс базасы ашылып, тұрғындар игілігіне қызмет етуде.
Бір пайызбен шаруаларға несие беріледі
Облыстың оңтүстік өңірлерінде мал шаруашылығын дамыту мақсатында 1% мөлшерлемемен жеңілдетілген несие беру қарастырылған. Бұл жөнінде Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов қалаға қарасты Қайыңды ауылдық округі мен Көктау, Аңғар ауылдарында халықпен кездесу барысында мәлімдеді.
Шаруалар үшін жеңілдетілген лизингті қаржыландыру көлемі 450 млрд теңгеге дейін ұлғайтылады
Үкімет ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту мақсатында (Ауыл шаруашылығы министрлігі арқылы) мемлекеттік қолдаудың кешенді шараларын белсенді түрде жүзеге асырып келеді.
Қазақстанда шегірткемен күрес мақсатында 1,4 млн гектардан астам алқап өңделді
Биыл 2,1 млн гектар алқапта химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бүгінде оның 1,4 млн гектары өңделді.
Жеңіл өнеркәсіп – ауыр еңбек
Маусым айының екінші жексенбісі – Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің күні. Бұл күн – тігін цехтарында, аяқ киім өндірісінде, тоқымада, киім дизайнында еңбек етіп жүрген жандардың кәсіби мерекесі. Біз бұл күні оларды құрметтеп, марапаттап жатамыз. Алайда, шын мәнінде елімізде жеңіл өнеркәсіп саласының даму деңгейі қандай? Қарапайым еңбек адамының үлесі мен еңбегі қалай бағаланып жүр?
Облыстағы кәсіподақ ұйымдары съезге дайындықты бастап кетті
Жуырда облыстық Кәсіподақтар орталығында үйлестіру кеңесінің отырысы өтіп, салалық және жергілікті кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері бас қосты.
Қазақстан шаруаларды 2030 жылға қарай отандық тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етеді
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында агрохимия саласын дамыту жөніндегі шаралар талқыланды. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2030 жылға дейінгі стратегиялық басымдықтардың бірі – қазақстандық фермерлерді ішкі өндіріс есебінен тыңайтқыштардың негізгі түрлерімен толық қамтамасыз ету болып саналатынын айтты.