Астанада өткен Халықаралық форум (AIF) аясында елімізде алғашқы халықаралық аутлет-орталығын салу туралы Бас келісімге қол қойылды.
Көлік және логистика — Қостанай облысының экономикалық дамуының қозғалтқышы
«Авиация және көлік логистикасын дамыту – елдің аумақтық байланыстылығын қамтамасыз ету мен тең мүмкіндіктерге қол жеткізудің негізі», –деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдағы сөзінде.
Жарнама тақтайшалары ретке келтірілуде
Облыс орталығында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қасбеттерді жөндеу және көппәтерлі тұрғын үйлерді сәулеттік жарықтандыру бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Дәл осындай көрнекі ақпараттар да қалыпқа келтіріліп жатыр. Көрнекі ақпарат құралдарын жаңарту туралы Қостанай қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Олжас Дүйсеков айтып берді.
Қазақстан көмір өндіруді ұлғайтты
ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында өткен жылыту кезеңінің қорытындылары және алдағы маусымға дайындық туралы баяндады.
Бизнес өкілдері үшін туризм саласында қандай мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған?
Туризм және спорт министрлігі туризм саласында кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік қолдаудың бірнеше түрін ұсынады. Бұл шаралар туристік өнімдердің сапасын арттыруға, сондай-ақ ішкі және келу туризмін дамытуға бағытталған.
Олжас Бектенов ЖЭК дамыту мәселелері жөніндегі энергетикалық кеңестің отырысын өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдар басшылығы, энергетика секторы компаниялары және энергетика саласындағы сарапшылардың қатысуымен жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту мәселелеріне арналған Энергетикалық кеңестің отырысын өткізді.
Су ресурстары және ирригация министрлігі елдегі су ресурстарын пайдалану жөніндегі жыл сайынғы Ұлттық есепті жариялап отырады
Су саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстандағы су ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық ақпараттық есепті жыл сайын өзінің ресми сайтында жариялап отырады.
Мұнай-газ жобаларын жүзеге асыру мәселесін талқылады
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Shell компаниясы барлау және өндіру бөлімшесінің президенті Питер Костелломен кездесті.
Энергетикаға инвестиция: «Тарифті инвестицияға айырбастау» – жаңғыртуға жаңа мүмкіндіктер ашады
Қазақстанда энергетика саласын кешенді жаңғыртып, оның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге арналған «Тарифті инвестицияға айырбастау» жаңартылған бағдарламасы іске асырылып жатыр.
Қазақстанда мұнай-газ химиясы саласындағы ірі жобалар іске асырылуда
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мұнай-газ химиясы саласында жалпы құны 15 миллиард АҚШ долларынан асатын бірқатар ірі жобалар іске асырылып жатқанын хабарлайды.
