Қостанайда салынып жатқан KIA автокөлік зауытында баспасөз туры ұйымдастырылып, журналистерге өндіріс барысы мен алдағы жоспарлар таныстырылды. Жоба 2023 жылдың қазан айында басталған болатын. Қазіргі таңда зауыт құрылысының 85 пайызы аяқталған, құрылғыларды монтаждау жұмыстары толық бітіп, мамандарды оқыту процесі жүріп жатыр.
Елімізде химия өнімдерінің экспорты артып келеді
Еліміздің химия өнеркәсібінде 1093 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде ірісі – 12, орташасы – 21 және шағыны – 1060, бұл шағын өндірістердің басым екенін және шоғырландыру мен жаңғырту әлеуетін көрсетеді.
Су саласы қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға дейін өседі
Мемлекет басшысы су саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеруге бағытталған «Табиғи монополиялар туралы» заңға өзгерістер енгізуді көздейтін заңға қол қойды. Түзетулерді Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірледі.
Қазақстан автопромы жылына 149 мың көлік шығармақ
Машина жасау саласында биыл отандық автокөліктер өндірісі 149 мың бірлікке дейін немесе 2024 жылмен салыстырғанда 5%-ға артады деп күтілуде. Өткен жылы 134 мың автокөлік шығарылды. Мұндай өсім Алматыдағы мультибренд Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауыты есебінен мүмкін болды.
Қостанай облысында «жасыл» алюминий өндіру жөніндегі ауқымды жоба іске асырылады
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Қытайдың East Hope Group корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Лю Юнсинмен кездесу өткізді. Кездесу барысында жаңа инвестициялық жобаның перспективалары талқыланды. Жиынға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов та қатысты.
Қостанай облысында автокомпоненттер шығаратын зауыт салынып жатыр
Бұл бастама отандық автоөнеркәсіптегі өндірістік тізбекті тереңдетуге және нығайтуға бағытталған. Жаңа нысан шағын өнеркәсіптік аймақтарды құру бағдарламасына еніп, өңірді индустрияландыруға қосымша серпін бермек.
Қазақстанда отандық өндірушілерді қолдау бойынша жаңа бастамалар іске асырылатын болады
Үкімет отырысында Kazenergy қауымдастығының атқарушы директоры Жандос Нұрмағанбетов отандық өндірушілерді қолдау бойынша жаңа бастамаларды іске асыру туралы хабарлады.
Елімізде мемлекеттік шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы басталды
Халықаралық сауда, транзиттік тасымалдар мен жолаушылар ағынының өсуіне байланысты 2030 жылға дейін 37 шекаралық нысанды кезең-кезеңімен қайта жаңарту жоспарланып отыр.
Қостанай облысында су құбыры желілері құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан 5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында елімізде заңсыз иемденілген активтерді қайтару есебінен әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр.
Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан «Бахри Точик» су қоймасын пайдалану туралы хаттамаға қол қойды
Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, сондай-ақ Тәжікстан мен Өзбекстанның су ведомстволарының басшылары 2025 жылдың маусымынан тамызына дейін «Бахри Точик» су қоймасын бірлесіп пайдалану жөніндегі хаттамаға қол қойды.
