Арқалық қаласы әкімдігінің «Ішкі саясат» бөлімінің басшысы Азамат Сұлтанбеков Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапатталды.
Арқалықта «Жұмысшы мамандықтар жылы» дәріптелді
«Ардагерлер ұйымына» қарасты «Белсенді ұзақ өмір» орталығында қала тұрғыны, еңбек ардагері, «Еңбек Қызыл Ту ордені» және ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің иегері, қарт механизатор Құлажан Сүлейменов ұйымның атаулы жылға орай өткізген салтанатты іс – шарасының құрметті қонағы болды.
Балалардың әкесіндей болып кеткен
Таңғы салқынмен қатарласа Амангелді ауылының ішін айнала қозғалатын сары автобус көзге бірден түседі. Оның тізгінінде – ауылдықтарға жақсы таныс, еңбекқор жан Боранбай Исабаев.
Шаңырақтың шамшырағы. 101 жастағы кейуана жайлы сыр
Мақалама арқау болып отырған кейіпкеріміз – Күнжамал Егізбаева шөбереден шөпшек сүйіп, бүгінде 101 жасқа толып, шөпшектің қолынан май жалаған, бақытты әже. Анамыз бұл бақытты күндерге жету жолында қаншама қиындықтарды бастан өткерді десеңізші. Ол өмірінің әр кезеңінде елге, ұрпағына адал қызмет еткен асыл жан.
Арқалықта полиция ардагері тұрған үйде ескерткіш тақта ашылды
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрметті ардагері Совет Құсманұлының Керейбаевтың тұрған үйінің қабырғасынан ескерткіш тақта ашылды.
Арқалықтық тыл ардагерлеріне медальдар табысталды
Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында арқалықты тыл ардагерлеріне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым — Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес«Ұлы Жеңістің — 80 жылдығына арналған» мерекелік медальдар табыс етілуде.
Қайыңдылық кәсіпкер асыл тұқымды қырық ірі қара мал сатып алды
Арқалық қаласының Қайыңды ауылдық округіне қарасты «Болат К» шаруа қожалығы 40 бас асыл тұқымды ірі қара мал әкелді.
Еңбек адамына құрмет көрсетілді
Галина Кулапина – саналы ғұмырын адал еңбекке арнаған жан. 43 жыл бойы Перелески ауылында аспаз болып қызмет етіп, талай жанның алғысына бөленді. Өз ісінің нағыз шебері ғана емес, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты – депутат болды, Слет озаттарының делегаты атанды, сондай-ақ “Мамандығының үздігі” атағына ие болды.
Кәсіподақтар федерациясының төрағасы өңірге іссапармен келді
Биыл Кәсіподақ қозғалысының басталғанына 120 жыл. Ал елімізде 35 жыл бұрын кәсіподақтар федерациясы құрылды. Осы атаулы даталар қарсаңында, еңбек ұжымдарымен кездесу мақсатымен, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді.
Қамыстылық еңбек адамы Астанаға барып, мал шаруашылығы саласында білімін жетілдіріп келді
Қамысты ауданы «Алтынсарин» ЖШС-не қарасты Арқа ауылындағы екінші бөлімшеде екі мың бас ірі қара мал басынан қазір 800-і қолда бағылады. Солардан жүздей бұзау бар. Екінші бөлімшенің бригадирі Төлеген Төлепов биыл қыстың жайлы болғанын айтады.