Арқалықтық тыл ардагерлеріне медальдар табысталды

Арқалықтық тыл ардагерлеріне медальдар табысталды

Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында арқалықты тыл ардагерлеріне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым — Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес«Ұлы Жеңістің — 80 жылдығына арналған» мерекелік медальдар табыс етілуде.

Бүгінгі таңда Арқалық қаласы бойынша тыл еңбеккерлері және Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жесірлері бар, барлығы 35 адамға осындай мерекелік медальдар берілуде.

  Мерекелік медальдардың бірқатарын қала әкімі Әмірхан Асанов ардагерлерге қалалық әкімдікте құттықтау сөз сөйлеп, салтанатты түрде табыс етті.

Марапатталғандардың қатарында Кәмила Дәуітбай, Елизавета Анаскина,Константин Ишутин, Сағындық Бірмаханов, Юлия Якушенок, Зинаида Ечмаева, Мұхтар Ходенов сынды тыл ардагерлері бар.

«Бүгін қаламызда үлкен іс-шара өткізілді. Бұл кісілер соғыс жылдарындағы ауыр кезеңде елдегі шаруашылықты жүргізуге үлкен ықпал етті. Жас кездерінде аналарының соңына еріп жүріп, он жастағы балалар үлкен адамдардың жұмысын атқарып, «балалық балғын шақ» дегенді білмей, ауыртпалық кезеңде өмір сүрді. Мінеки, осы азаматтардың еңбегін ескеріп, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнаулы Жарлығымен мерекелік медалдармен наградтап жатыр. Біз бұл кісілердің еңбектерін еш уақытта ұмытпаймыз. Бұл кісілер тек қана соғыс жылдарында емес, соғыстан кейінгі қираған халық шаруашылығын қалпына келтіруде де көп еңбек сіңірді. Сондықтан, бұл аға буын ұрпақтың өмір жолдары кейінгі жас ұрпаққа үлгі-өнеге деп білеміз», – дейді қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Түбекбай Әубәкіров.

Мерекелік медальдар өзге де ардагерлерге үйлерін аралап, табыс етілуде.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Суреттерді түсірген – автор

Арқалық қаласы