Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларындағы жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны туралы баяндады.
Ұлттық статистика бюросы өткен айдың инфляция деңгейін жариялады
2024 жылғы ақпанда тұтыну бағаларының айлық индексі үдей түсіп, 1,1% құрады (қаңтарда – 0,8%).
Қазақстанда қолма-қол ақша қайтадан танымал бола бастады
Ұлттық банктің мәліметінше, осы жылдың қаңтар айында берілген қолма-қол ақшаның жалпы көлемі 1,8 трлн теңге, бұл 2023 жылғы қаңтарға қарағанда 18,3% — ға жоғары.
Былтыр елімізде жаңғақ өндірісі артқан
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2023 жылдың қаңтар-желтоқсаны аралығында Қазақстанда 9, 4 мың тонна өңделген және консервіленген жеміс пен жаңғақ өндірілді. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл 26,5% артық.
Елімізде қосылған құн салығы өспейтін болды
ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов бүгінгі үкімет отырсында қосылған құн салығының ставкасы көтерілмейтінін айтты.
Азық-түлік бағасы тұрақтандыру қоры арқылы реттеледі
Қостанай қаласында жыл басынан бері жұмыртқа 14 теңгеге, нан бағасы 171 теңгеден 176 теңгеге қымбаттаған. Оған себеп өнімнің өзіндік құнының өсуі. Яғни, коммуналдық шығындар, жұмысшылардың жалақысы, логистикамен қатар, ветеринарлық өнімдер мен қоспалардың да бағасы артқан.
Экономиканы ырықтандыру туралы Жарлық әзірленеді
Елімізде Ұлттық компанияларды IPO-ға шығару мәселесін қайта қарауды талап етеді. Бұл істе негізгі мақсат – мемлекеттік активтердің тиімділігін арттыру болып отыр. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Корпоративтік басқарудың заманауи әдіс-тәсілдерін енгізу қажеттігін сөз етті.
Ауыл шаруашылығы құрылымдарынан 150 мың тоннадан астам астық сатып алынды
«Азық-түлік корпорациясы» АҚ арқылы ауыл шаруашылығы өнімін және тауарлық кредитті форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдарына 438,9 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін тапсыруы қажет. Оның ішінде форвардтық сатып алу бойынша 101,4 мың тонна, тауарлық несие үшін 337,5 мың тонна астық сатып алынды.
Елімізде 9 мыңға жуық азамат банкрот деп танылды
Бұл туралы ҚР қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында хабарлады.
Қазақстан мен Тәжікстан банк саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге келді
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Ориенбонк» ААҚ Басқарма төрағасы Хасан Асадуллозодамен кездесті деп хабарлайды министрліктің баспсөз қызметінен.
