Қазақстан мен Тәжікстан банк саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге келді

Қазақстан мен Тәжікстан банк саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге келді

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Ориенбонк» ААҚ Басқарма төрағасы Хасан Асадуллозодамен кездесті деп хабарлайды министрліктің баспсөз қызметінен.

Кездесу барысында сауда-экономикалық операцияларды жүргізу кезінде банкаралық есеп айырысуларды ұйымдастыру, Қазақстанның банк операцияларын цифрландыру саласындағы тәжірибесін зерделеу және т.б. салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы бірлескен жобаларды, сондай-ақ басқа да перспективалы жобаларды қаржыландыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.

Айта кетейік, «Ориенбонк» ААҚ – активтер мен капитал мөлшері бойынша Тәжікстанның банк секторының көшбасшыларының бірі. Оның 32 филиалы, 242 банктік қызмет көрсету орталығы бар, онда 1200-ден астам қызметкер жұмыс істейді.

Жаңалықтармен бөлісу