Арқалықтың денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығы – көптен бері күн тәртібінде тұрған мәселе.
Дәрігерге 60 күн бұрын жазылуға болады
Енді азаматтар дәрігер қабылдауына өз бетінше алдын ала жазыла алады. Егер бұған дейін қабылдау кестелері негізінен екі аптаға ашылса, қазір 60 күнге дейін алдын ала жазылу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.
Шетелде білім алып жатқан студенттер МӘМС жүйесіндегі мәртебесін қалай сақтай алады?
Қостанай облысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалына шетелдік жоғары оқу орындарында білім алып, каникул кезінде елге келген қазақстандық студенттер жиі жүгінеді.
Қостанай облысында жоғары технологиялық жүрек операциялары көбейді
Қостанай облысында медициналық көмектің жоғары технологиялық түрлеріне қолжетімділік артып келеді. 2026 жылдың қаңтар–мамыр айларында өңірде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында 77 жоғары технологиялық жүрек операциясы жасалған.
Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа тетіктері кең қолданыла бастады
Түркітілдес журналистер қорының мүшелері Алматы аймақтық көпсалалы клиникада болып, мекеме жұмысымен танысты. БАҚ өкілдеріне Клиника директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Аджибаев Бауыржан, онколог-гинеколог Тажибаева Қарлығаш, онколог-маммолог, хирург Дәулет Айдаров Алматы аймағындағы онкологиялық аурулардың бүгінгі ахуалы, емдеу тәсілдеріне қатысты жан-жақты ақпарат берді.
130 жылдық тарихы бар аурухананың қызмет ауқымы кеңейе түсті
Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы — мегаполистегі ең ірі әрі тарихы терең медициналық мекемелердің бірі. Халық арасында “БСМП” деген атаумен танылған аурухана шұғыл жағдайда жеткізілген науқастарды тәулік бойы қабылдайды. Мұнда Алматы тұрғындарымен қатар еліміздің басқа өңірлерінен келген азаматтарға да медициналық көмек көрсетіледі.
Елімізде МӘМС қаражатын қорғаудың жүйесі құрылып жатыр
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатын қорғау жүйесін дәйекті түрде күшейтіп, цифрлық қадағалауға, тәуекелге бағдарланған басқаруға және медициналық ұйымдарға қаражат аударылғанға дейін негізсіз төлемдердің алдын алуға негізделген қаржылық бақылаудың жаңа моделіне көшуде.
Қызылшаға шалдыққандар көбейді
Шаһардың соңғы жартыжылдықтағы санитариялық-эпидемиологиялық ахуалы дүйсенбілік аппарат кеңесінде мәлім болды. Кеңесте сөз алған Қостанай қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Әріп Меңдекинов биылғы көктемде қызылшамен ауырғандар саны күрт өскенін айтты.
Медициналық ұйымдардың QR-кодтары, пациенттің жеке профилі, сапаны бағалау: денсаулық сақтаудағы «халықтық бақылау» қалай күшейтілуде
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің цифрлық сервистерін одан әрі дамытуды жалғастыруда. Бұл азаматтардың МӘМС жүйесінің қызметтеріне қолжетімділігін арттыруға және олармен өзара іс-қимылды барынша ыңғайлы әрі ашық етуге бағытталған.
Алтынсарин ауданында медициналық кабинет ашылды
Щербаков ауылында жергілікті тұрғындар үшін көптен күткен жаңа медициналық кабинет есігін айқара ашты. Ауылдағы тар бейінді мамандардың тапшылығы мәселесін шешкен бұл әлеуметтік жоба мемлекеттік қолдаудың арқасында жүзеге асты.
