Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы 1-курс курсанттарының ант қабылдау рәсімі өтті. Бұл сәт курсанттардың есінде мәңгі қалатыны сөзсіз.
Санкт-Петербургтегі сәукеле
Нева өзенінің жағасындағы тотықұстай таранған Санкт-Петербург қаласы орыс жұртының «әруақ қонып, нар шөккен» әулие жерінің бірі. 1703 жылы шәркейлі шаруалар сүйегінің үстіне салынған осы қала империя тарихының бастан-аяқ куәсіндей. «Европаға терезе ашылып», сәулет, құрылыс өнері келді.
Ұлттық құндылықтар дәріптелген этнофорум
Жыл өткен сайын мемлекеттік тіліміздің мәртебесін арттыратын шаралар қатары түрленіп келе жатыр. Ал, оған қатысушылар арасында өзге ұлт өкілдерінің саны да айтарлықтай артуда. Лисаков қаласында өткен «Мемлекеттік тіл – халық қазынасы» атты этнофорум осыған айғақ. Форум асында ұлттық киімдер, ойындар мен тағамдар таныстырылып, қатысушылардың өздері бірге жасады.
Қостанайлықтарға қол соқты
V-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындары үш күннен бері Сарыарқаның төсін той мен думанға бөлеп жатыр. Бұдан бұрын жазғанымыздай, тоқсан елден келген екі жарым мыңдай спортшы ат бәйгесі, аударыспақ, көкпар, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, жамбы ату тәрізді халқымыздың ежелден келе жатқан ұлттық ойындарынан сынға түсуде.
Тобыл-Торғай жәдігерлері шетелдік меймандарды таңқалдыруда
Астана қаласында өтіп жатқан бесінші дүниежүзілік көшпенділер ойындарында әр өңірдің дәстүрі мен жәдігерлері насихатталып жатыр. Жүзден астам киіз үй тігілген дүркіреген дүбірлі додадағы этноауылға Қостанай облысының делегациясымен бірігіп, Арқалық дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының ұжымы да табан тіреді.
Қаламызда алғаш рет «Абысын-ажын» байқауы өтті
Оған облыс көлемінен бес әулеттің келіндері қатысып, бақ сынады. Ашық аспан астында, қаланың қақ ортасында өткен байқауды тамашалаған көрермен аз болмады.
Шаңырақтың шаттығы
Шаңырақтың шырайын кіргізіп, отбасылық құндылықтарды дәріптеген өнегелі жанұялар аз емес. Қазақ қашаннан жанұяның жылуын сақтап, мерейін асқақтатқан. Отбасының бірлігі – отанның беріктігі, ағайынның татулығы – атамекеннің тұтастығы. Осы отбасының құндылығын дәріптеу үшін елімізде 2014 жылдан бастап «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өтіп келеді.
Кеншілер шаһары қала күнін тамашалауға шақырады
Рудныйда қала күніне орай өтетін мерекелік іс-шаралардың бағдарламасы жарияланды. Мерекелік іс-шарада қалалық, облыстық өнер ұжымдары мен шет елдік әртістер, қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.
Домбырам не дейді?
Ұлттық Домбыра күні биыл да дүркіреп өтті. Мерекеден мезеттік қана әсер алдық па, әлде бұны өңірдің мәдени өміріндегі орны бөлек оқиғаға балауға бола ма? Жалпықалықтық сипат алған күй тарту акцияларының рухани маңызы қаншалық? Домбыра насихатының оң ықпалы, елеулі нәтижесі бар ма? Ой жүгіртіп көрсек…
Кенді шаһарда күй күмбірледі
Меңдіқарадан бастау алған “Күй шеруі” акциясы әлі жалғасып жатыр. Өткен апта да Рудный қаласының орталық алаңында 350-ден астам домбырашы күмбірлетіп күй төкті.