Бұл іс-шара Қостанай филармониясының сексен жылдық мерейтойына орай ұйымдыстырылып жатқанын айта кетейік. Іс-шараны мәдениет басқармасының қолдауымен «Қол өнер» қоғамдық қоры «Этно фейшн» агенттігімен бірлесіп қолға алып отыр.
«Шеберлердің басын қосып үлкен іс-шаралар ұйымдастырып келеміз. Сән көрсетілімімен айналысамыз. Бұл жолы мәдени ошақтың Сексен жылдық мерекесіне орай екі ұйым бірігіп өткізуді ұйғардық», – дейді «Қол өнер» қоғамдық қорының жетекшісі Сәуле Қабдулова.
Қоғамдық қордың серіктесі дизайн үлгілеріне тұрақты бет бұрған ұйым.
«Бұл көрмеміз таза шығармашылыққа арналып отыр. Дизайнерлердің әртүрлі өнімдері бар. Этно фейшн жаз дизайнына тапсырыс беруге де болады. Ұйымымызда модельдер мектебі жұмыс істейді. Шәкірттеріміз мерекелерге белсенді түрде атсалысып жүр. Тәжірибе алмасуға Қырғызстаннан қонаққа келгендер бар», – дейді агенттік жетекшісі Карина Теклюк.
Бұл көрмеге Самат Райысов пен Нұрсұлтан Шамғонов та ағаштан жасалған таза бұйымдарын әкелген.
«Өзіміз жалпы Қызылорда өңіріненбіз. Бізде болмағасын осы кәсіп қызық көрінді. Оның үстіне ағаштан бұйым жасау дәстүрі кенжелеп тұр екен. Алдағы уақытта кеңейтеміз деген ойымыз бар. Орта кәсіп дамыса мемлекеттің де іргетасы мықты болады», – дейді Нұрсұлтан Шамғонов.
Бұл өнімдер таза экологиялық ағаштан жасалғанын жоғарыда айттық. Материалдар арнайы тапсырыс арқылы Павлодар өңірінен алдырылған.
Осы қайыңды 3 д форматы арқылы өңдеп неміс станогына салады. Бұл қайыңның қасиеті құйылған кез келген сұйықтыққа өзінің темпаратурасын ұзақ сақтатуға септігі бар. Ол Неміс станогі Алматыда орналасқан. Бұлар өздері дайындап берген өлшеммен жасап беруге тапсырыс беріп келеді. Стандарт күйінде келген өнімді жонып, оюлау қолмен келтіріледі.
Қостанайлық Жанар Досанова осыдан үш жыл бұрын гипстен шырақ қоятын ыджыс жасаудың брендін ойлап тапты. Сапалы материалдарға сырттан тасырыс береді. Олар жан-жағына әртүрлі хош иіс шашып тұрады.
«Өзім мүсін жасауға бала кезден бейіммін. Бұл іспен нақты айналысып келе жатқаныма нақты үш жылдан асты. Гипспен қоса, шыны металдар қосылған бұйымдар да істеймін. Интерерлік шырақтарға ыдыс дайындаймын.Кейбір формалар дайын күйінде келеді. Оған шырақ орналдастыру аса көп уақытты алмайды», – дейді шебер.
Алтынсариндік Айнұр Төлегенқызы биылдан бастап ұлттық нақыштағы әшекей жасауға кірісті.
Өзі орыс тілі пәнінің ұстазы болса да бұл өнер оның әдеттегі хоббиі арқылы келген. Бүгінде жергілікті Dar_Kostanay ұйымына жетпекшілік жасайды. Жанында Анара, Мәдина есімді сенімді серіктері бар. Олар тоғызыншы сынып оқушылары. Айнұр Төлегенқызының ең сүйікті шәкірттері.
«Жақын арада жұмыс бастаған едік. Аз уақыттың ішінде әшекей дайындаудың өте оңай екенін түсіндік. Бұл бізге болашаққа негізгі қадам болғалы тұр. Бізге өз кәсібіміз қатты ұнайды», – дейді Анара мен Мәдина.
Киім дизайнері Жанар Жағалтаева да көрмеге этникалық стилдегі заттарын әзірлеген.
«Жаз дизайнмен айнылысқаныма көп болған жоқ. Оюларын әртүрлі мағынада салғанды қолайлы көремін. Бәрі қазақтың ырым-тйым сал-дәстүріне сай жасалған. Әр жасаған бұйымды ғылыми бағытта ұштастыру арманым», – дейді дизайнер.
Жітіқара ауданынан келген Айдана Мақанова киім тігуді былтыр ғана бастаған.
«Бұл кәсіпті бір жыл бұрын бастадым. Жаңа үлгідегі киімдерді дамыта бергім келеді», – дейді Айдана.
Көрмеге Рудныйлық интерер картина шебері Венера Байназарованың туындылары да жайғасыпты.
«Жұрттың еңбегімді бағалап жатқанына қуаныштымын. Соңғы жылдары Ресей, Германиядан келіп туындылама қызығушылық танытқандар болды»,– дейді Венера Байназарова.
Оның еңбектерінің бағалылығы эскиз жасау шеберлігінде, колорид таңдау талғамында болса керек. Әр шығармасына бояу әлемінің түрлі техинкасын қолдана білген жан.
Осы кеншілпер қаласының «Дарын» стдудиясы да көрмеге ерекше туындыларын ала келген. Студия шәкірттерінің Дисней тематикасын таңдауында да үлкен мән жатыр.
«Жуырда балаларымыз Парижде болды. Сондағы көрген-білген кейіпкерлерінің бейнесі шығармаларына арқау болды», – дейді студия жетекшісі Назгүл Дүйсенова.
Назгүл Абайқызының өзі матадан ойыншық жсаудың шебері. Оның бұл өнімдері балалар үшін қауіпсіз әрі қуаныш сыйлайды.
Студияда домбыра, тоқыма, суреттен бөлек, футзал спорттық үйірмесі ашылғаны көпке үлгі болғалы тұр.
Әсем Қойшығұлова жетекшілік ететін Әулиекөлдік «Краски жизни» студиясының сурет көрмесі де көздің жауын алады.
Ашылғанына екі жылдан асқан үйірме шәкірттері өмірдің шынайы бейнесін суреттеуге машықтанып жүр.
Айбек ЖҮЗБАЙ
Суреттерді түсірген – Бағдат Ахметбеков