Жамбыл облысының тәжірбиесін кеңінен таратуды іске асыру аясында облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы таяуда өңірдегі атаулы әлеуметтік көмек алушылар, жұмыссыз азаматтар және өнімсіз жұмыспен қамтылған халық арасында талдау жүргізіпті. Соның нәтижесінде қай өңірде АӘК алушылар саны артып отырғаны анықталған.
Асыраушысынан айырылғандардың жәрдемақысы 14,5% өседі
1 қыркүйектен бастап асыраушысынан айырылған азаматтардың жәрдемақысы 14,5% өседі. Бұл ұсынысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Президент: «Қазақстан-2050″ стратегиясын түбегейлі қайта қарау қажет»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сессияда «Қазақстан-2050» стратегиясын түбегейлі қайта қарауды ұсынды.
Қостанайда көпір астына жиналған қар суы көлік қозғалысын қиындатты (ВИДЕО)
Қостанай қаласының Абай даңғылы бойындағы көпір астында (КЖБИ шағын ауданы) қар суы көп жиналып, көліктердің жүруіне кедергі келтіріп жатыр. Бұл маңдағы кәріз жүйесі көп мөлшердегі суды ағызып үлгере алмауда. Қазір «Капитал груп союз» ЖШС мердігер ұйымы су сору жұмыстарына кіріскен. Төмендегі видеоларды бізге оқырмандарымыз жолдады. https://www.youtube.com/shorts/xBK534La1ms https://www.youtube.com/shorts/N8MCDDWlncA https://www.youtube.com/shorts/7maTLkAGbg8 Айта кетейік, биыл Абай даңғылына жөндеу жұмыстарын […]
Қостанайлық боксшы қыз әлем чемпионатынан қола медальмен оралды
Үндістанның Дели қаласында әйелдер арасында өткен әлем чемпионатынан жерлесіміз Надежда Рябец қола жүлдемен оралды. Қостанай темір жол вокзалынан жүлдегерді жанкүйерлер, боксшының туған-туыстары мен достары, спорт басқармасының өкілдері қарсы алды.
Тоқаев: «Партиялар мен үміткерлерге бірдей мүмкіндік берілді»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында кезектен тыс депутаттар сайлауында партияларға, үміткерлерге бірдей мүмкіндік берілгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Астанада VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясы басталды
Елордада VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы ашылды. Жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қостанайлық ансамбль халықаралық байқаудан жүлдемен оралды
Қостанайдағы NIS-тің «HardChord» вокал-аспапты ансамблі «Dubai Music Festival» халықаралық байқауында II орынға ие болды.
«Қостанай таңы» ұйымдастырған бейнебайқаудың үздіктері марапатталды
«Қостанай таңы» газетінің ұжымы тағы бір тамаша жобаны қорытындылады. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Армысың, әз-Наурыз!» ұжымдық бейнебайқау жарияланған болатын. Бүгін жүлдегерлері анықталып, редакцияда марапаттау рәсімі өтті.
Тасқынға тосқауыл: сәуір айында қауіп күшеюі ықтимал
Су басу қаупі бар елді мекендердің тұрғындары уақытша қоныс аударуы тиіс. Облыс әкімдігінде өткен аппарат жиында облыс әкімі Құмар Ақсақалов аудан және қала басшыларына осындай тапсырма берді.
