Елімізде 1-3 маусымға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромед.
Енді азаматтар мемлекеттің ісіне тікелей араласады
Ендігі уақытта халық мемлекеттік бюджеттің іске асу барысын тікелей бақылап, тексеруге құқылы болмақ. Толығырақ Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Jibek Joly телеарнасының Мәжілістегі мобильді студиясында берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жарқын жаз» жобасы басталды
Қостанайда 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Жарқын жаз» жобасы басталды. Бұл жоба Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының бастамасымен биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр.
ІНДЕТТІҢ ТӨМЕНДЕУІ БАЙҚАЛАДЫ
Адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) таралу кеңістігі жыл сайын өсіп барады. Елімізде 2022 жылы аталған кеселді жұқтырған 31 мыңнан астам адам тіркелген. 2019 жылы Қостанай облысы инфекцияның таралуы жөнінен бірінші орынға шықса, қазіргі уақытта төртінші орында тұр.
Тұрғындарды не алаңдатады?
Бүгінде азаматтар арасында тұрғын үй, жер қатынастары, сот ісін жүргізу, алименттерді өндіріп алу, жеке кәсіпкерлерге әкімшілік кедергілер қою және денсаулық сақтау салалары бойынша шешілмей жатқан түйткілдер өте көп. Дағдарған ел кейде осы мәселелердің жауабын кімнен аларын білмей дал болып жатады. Осының шешімі ретінде республика бойынша «Халық заңгері» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараға біздің өңірімізден жүзге жуық адам […]
«Менің жерім, сенің жерің…». Қызбелдіктер неге наразы, кімге өкпелі?
«Шаруа қожалықтары өздеріне бөлінген жерді мақсатына сай пайдаланбай отыр. Өзеннің жағасына қора салып, ішер суымызды ластап болды». Қызбел ауылының ақсақалдары осылай деп дабыл қақты.
Құрылыс жыры бітер емес
Сағызша созылған құрылыстан құтыла алмайтын түріміз бар. Қостанайда бұл мәселе әлі күнге толық шешімін таппай отыр. Қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Марат Темірбаевтың айтуынша, көптеген азаматтар жер телімдерін алғанымен құрылыс жұмыстарын жылдамдатып аяқтауға асықпайды. Керісінше, ешқандай іс-әрекет жасамастан жалға алу мерзімін жылдан жылға ұзартуға әуес.
Автокөлікке VIP мемлекеттік нөмірді енді интернеттен таңдауға болады
Қазақстандықтар үшін сұранысқа ие қызметтердің бірі «беделді» нөмірлерді сатып алу болып отыр. Өткен жылы автокөлік иелері шамамен 6 млрд теңгеге VIP-нөмірлер сатып алған, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қостанай» халықаралық әуежайы ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді
2023 жылғы 30 мамырда күннің бірінші жартысында Қостанай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабымен «Қостанай» халықаралық әуежайы АҚ ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізілетін болады.
Зейнеткерлер енді зейнетақы жинағын үй сатып алуға немесе емделуге пайдалана алады
2023 жылғы 1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекс аясында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрі – БЖЗҚ) зейнетақы жинақтары бар еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлерге тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе емделуге ақы төлеуге өздерінің зейнетақы жинақтарының барлық сомасын пайдалануға құқық беріледі.