Биыл күзде Қостанай қаласында Қазақстан мен Ресей арасындағы дәстүрлі өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді. Ауқымды іс-шараға дайындық шеңберінде облыс орталығында абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Нәтижесінде қала көшелерінде жас көшеттер отырғызылуда.
Абыройың асқақтай берсін, “Алтынай”!
Қостанай қалалық балалар шығармашылық үйінде «Алтынай» халықтық–үлгілі би ансамблінің құрылғанына 20 жыл толуына арналған «Ұлы мұра» атты мерекелік кеші өтті.
Мемлекеттік қызметшілер мерекелерін қалай атап өтеді?
Мемлекеттік қызметшілер биылғы төл мерекелерін қалай атап өтеді? Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі орталығының кезекті брифнгінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті басшысының орынбасары Гүлмира Қабиева айтып берді.
Өңір басшысы Алтынсарин ауданына іссапармен барды
Бүгін Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Алтынсарин ауданында жұмыс сапарымен болды.
Мерейің өссін, мейіргер
Жыл сайын мейірбикелер туралы мақала жазып жүрміз. Алайда, мейіргер ер азаматтар жайлы аз айтамыз. Өмір мен өлім арпалысқан жауапты қызметте мейірбикелермен қатар, мейіргер жігіттер де өлшеусіз еңбек етіп жүр. Әсіресе, соңғы жылдары мейіргерлердің қатары көбейген.
Қостанайда бос орындар жәрмеңкесі өтіп жатыр
Қостанайда облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен студенттер мен жұмыссыз жүрген жастарға кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп жатыр. Бұл жолы өңірдің аудан қалаларынан 70-тен астам ірі кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер қажетті мамандықтарға жұмыс ұсынды.
Аймақ басшысы Биағаң елінде
Бейімбет Майлин ауданында 6 мың тонналық картоп-көкөніс қоймасының құрылыс жұмысы басталды. «GreenTerra» ЖШС қолға алған ірі жобаның жалпы құны 1,2 млрд теңге. Кешен ғимараты Германия мен Нидерланды технологиясымен жабдықталады. Өнімнің бірқалыпты сақталуы үшін желдеткіш орнатылып, климат-бақылау жасалмақ. Қоймаға 135 га аумақтың картобы сыйып кетеді. Құрылыс жұмыстары жаздың соңында аяқталады деп күтілуде. Серіктестіктің әлі де жүзеге […]
ҰБТ-2023: сынақ тестілерінің базасы жаңартылды
Негізгі ҰБТ-ның алдында Ұлттық тестілеу орталығы тегін байқау сынақтарының базасын жаңартты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекеттік қызметкерлер ұлттық киімде
Арқалықтық мемлекеттік қызметкерлер қызметіне ұлттық киіммен келеді.
Жастарға қолдау
Биыл Қостанай облысында жастарға арналған бірнеше жоба жүзеге асырылып, кейбірі жаңаша форматта жалғасын тапқалы отыр. Олардың әрқайсысы өскелең буынның белсенділігін арттыруға және оларға жан-жақты қолдау көрсетуге, жастарды алаңдататын мәселерді шешуге бағытталған.