Биыл Лисаков қаласының әлеуеті арта түсті. Инвестиция тарту жұмыстары да оң жолға түскен. Бұл туралы қала әкімі Абай Ыбыраев өңірлік коммуникация орталығында журналистермен болған брифингте айтып берді.
Айдын Досқараев: несиеге берілген қаражат көлемі 25 млрд теңгеден асты
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі Айдын Досқараев өңірлік коммуникациялар алаңында журналистермен өткен брифингте осылай деді. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның қаржыландыру шарттары мен несие бағдарламалары туралы айтып берді.
Алтынсарин ауданында құрылыс қарқын алды
Қазіргі уақытта «Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында Үлкен Чураков ауылындағы үш көшені және Силантьев ауылындағы екі көшені орташа жөндеу жұмыстары аяқталуда. Бұл туралы аудан әкімі Арнұр Сартов өңірлік коммуникация орталығында өткен брифигте айтып берді.
Қамыстылықтар азық-түлік бағасын тұрақтандыруға күш салып жатыр
Бүгінде қамыстылықтар ертеңнің қамына ерте кіріскендей.
Андрей Канчельскис: «Біз командаға көмектесуге келдік»
«Тобыл» футбол клубының төңірегіндегі дүйім оқиға жанкүйерлердің назарын бірден өзіне аударды. Кезінде Англия біріншілігінде доп тепкен жұлдыз Андрей Канчельскистің клуб тізгінін ұстауы расында да күтпеген жаңалық болды. «Тау алыстаған сайын жақындай түседі» дейді халқымыз. Бұл да сол қарпайымдылығын тілшілер қауымына көрсетіп үлгерді. Құп, жақсылықтың нышаны болғай!
Ұзынкөл ауданында халықты ауыз сумен қамту 65-тен 95 пайызға жетеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында халықты таза ауыз сумен қамту мәселесіне ерекше тоқталған болатын. Мамыр айында өткен Үкімет отырысында қалалық және ауылдық елді мекендердің тұрғындарын ауыз сумен 100% қамту іс-шаралары қаралған еді.
Рудный қаласында бұзылған үйлер жөнделеді
Рудный қаласында үй кезегінде тұрған азаматтар санын азайту үшін бос тұрған тұрғын үйлерді жөндеп, халыққа бермек. Қазір жөндеу жұмыстары қолға алынған.
Биыл құрбан айт 28, 29, 30 маусым күндері өтеді
Қостанай облысында құрбан шалу 28 маусым күні сағат 07:00-де Құрбан айт намазы оқылғаннан кейін басталады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында Қостанай облысының Бас имамы Бақытбек Тәжімбет айтып берді.
Жемқорлық: үш сала топ бастап тұр
Қостанай облысында сыбайлас жемқорлық жиі кездесетін әрі бейім 12 сала анықталып отыр. Талдау жүргізуге кәсіпкерлерден келіп түскен шағым түрткі болған.
Ұстаздарға сыйлық беруге бола ма?
Биыл Қостанай облысында оқу жылын 111 мың оқушы аяқтайды, оның ішінде төрт мыңнан астамы түлектер. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында Қостанай облыстық білім басқармасы басшысының орынбасарының міндетін атқарушы Данагүл Сүйіндікова баяндап берді.