Алтынсарин ауданында құрылыс қарқын алды

Алтынсарин ауданында құрылыс қарқын алды

Қазіргі уақытта «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Үлкен Чураков ауылындағы үш көшені және Силантьев ауылындағы екі көшені орташа жөндеу жұмыстары аяқталуда. Бұл туралы аудан әкімі Арнұр Сартов өңірлік коммуникация орталығында өткен брифигте айтып берді.

«Сондай – ақ, осы жоба аясында Большая Чураковка ауылында ауылдық мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде, Красный Кордон ауылында мәдениет үйін күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірленуде, жобаны 2024 жылы іске асыруды жоспарлап отырмыз», – дейді Алтынсарин ауданының әкімі Арнұр САРТОВ.

Биыл Алтынсарин ауданында Аудандық маңызы бар Зуевка-Танабаевский-Воробьевский 0-16 км автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары басталды.

 

Жаңалықтармен бөлісу