Онлайн байқау Қостанай облысының дарынды тұрғындарын іздеп табуға, сондай-ақ қазақтың ұлттық аспабы – домбырамен танысуға, қазақ халқының рухани құндылықтарына деген сүйіспеншілікті оятуға бағытталған.
«Домбыра-думан» байқауы шақырады!
«Қостанай таңы» газеті Домбыра күніне орай мектеп оқушылары арасында «Домбыра-думан» облыстық бейнебайқауын жариялайды! Ұлт аспабына бейімі бар балдырғандар мен жасөспірімдерді ерекше байқауда бақ сынауға шақырамыз! Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге демеушлеріміз тағайындаға бағалы сыйлықтарымыз бар!
Ұлттық ұланның әскери қызметшілері ән байқауында жеңімпаз атанды
«Мирас» мәдениет үйінде «Достық әнін шырқайық» атты екі жұлдыз байқауының қорытынды үшінші кезеңі өтті. Қатысушылар түрік, башқұрт, грузин, өзбек және орыс тілдерінде ән шырқап, өз өнерлерін ортаға салды.
«Назар аударыңыз, балалар!» республикалық акциясы аясында фотожоба басталды
Бұл фотожоба арқылы полиция қызметкерлерінің балалары жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады.
«Дін және қоғам» облыстық журналистер байқауы жарияланды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен, «Нұр-Қазақстан» қажылық компаниясының демеушілігімен, «Қостанай таңы» газеті редакциясының бастамасымен облыстағы қазақ тілді журналистер арасында «Дін және қоғам» байқауы өтеді.
«Studentvision song and dance contest – 2024» облыстық байқауы мәреге жетті
Облыстың орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары арасындағы өнер сайысының «Вокал» және «Хореография» номинациясы бойынша Рудный музыкалық колледжі мен Лисаков техникалық колледжінің студенттері жеңімпаз атанды.
Ел азаматтарының гуманитарлық көмегі Торғайға келіп жетті
Алыс шалғайда болса да тасқын судан зардап шеккен елімен бірге екенін көрсеткен жерлестер көмек қолын созып жатыр.
«Шебердің қолы ортақ»: үздік қолөнершілер анықталды
«Қостанай таңы» газеті тұсауын кескен тағы бір жоба аяқталды. «Шебердің қолы ортақ» облыстық қолөнершілер байқауы Ұлыстың ұлы күніне орай жарияланған еді. Ұлт өнерінің дамуына үлес қосып жүрген шеберлер ең таңдаулы жұмыстарын сынға салды. Нәтижесінде үзіктері анықталып, жүлдегер атанды.
Ұлттық нақышпен жасалған сөмкелер
«Шебердің қолы ортақ» байқауының кезекті қатысушысы – Ғалия. Қостанай қаласының 44 жастағы тұрғыны мектеп жасынан тігінмен, тоқымамен айналысады. Ол көрпе-жастық, сөмке, дорба және тойбастар материалдарын тігеді. Бүгін байқауға ұлттық нақышта жасалған сөмкелерін ұсынып отыр. Қазақтың ою-өрнегі салынған сөмке ерекше көз тартады. Автор мұны жасаудың жолдарын да қарапайым түсіндіре өткен. «Алдымен біз сөмкеге арналған бөлшектерді пішіп,, […]
Айнұрдың көз тартарлық көрпе-жастықтары
«Шебердің қолы ортақ» байқауының келесі үміткері – Айнұр Санай. Ол Қостанай қаласының тұрғыны. Көрпе-жастық тігудің нағыз шебері.