Бұл фотожоба арқылы полиция қызметкерлерінің балалары жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады.
Жобаның ең жас қатысушысы Ясмина 4 жаста. Оның анасы Елена Магасумова кішкентай кезінен бастап балаларға жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын үйретіп келеді.
«Біріншіден, олар бізден үлгі алады. Балаға жолдан қалай дұрыс өту керектігін айтып қана қоймай, оны күн сайын іс жүзінде көрсету қажет», – дейді Елена Магасумова.