Ел азаматтарының гуманитарлық көмегі Торғайға келіп жетті 

Ел азаматтарының гуманитарлық көмегі Торғайға келіп жетті 

Алыс шалғайда болса да тасқын судан зардап шеккен елімен бірге екенін көрсеткен жерлестер көмек қолын созып жатыр.

Астана, Павлодар, Қостанай қалаларынан елге көмегін көрсетем деген азаматтардың аманаты елге жетті.

“Кеше бір газель қостанайдан әлеуметтік көмек келген болатын. Бүгін Павлодардан бір камаз картоп, Торғайдың тумасы Берік Бейсенғалиевтің отбасының атынан екі жүк көлігімен картоп, ұн, қаптар жеткізілді. Одан бөлек, Қостанай қаласынан бес газель автокөлігімен азық-түлік химиялық заттар, халықтың сұранысы қажетті заттар келді”, – дейді Жастар ресурстық орталығының директоры Ерлік Қуанышұлы.

Жолдың жоқтығына қарамастан, елге жіберілген аманаттары аман-есен келді. Арнайы жасақталған еріктілер тобы келген заттарды белгіленген орындарға түсіріп қолғабыс жасады.

Жаңалықтармен бөлісу