Қостанай облысында «Ассамблея жастары» жастар қозғалысының белсенділері жеңістің 80 жылдығы қарсаңында дәстүрлі «Жеңіс лентасы» акциясын өткізді.
Қостанайда «Бірлік жүгірісі – 2025» жарысы өтті
Бүгін таңертеңгілік этномәдени бірлестіктердің өкілдері, әр саланың өзге де мамандары, оқушылар мен студенттерден құралған қала тұрғындары Гашек көшесінің бойындағы Тобыл жағалауына жиналды.
Жерлесіміз Президент қолынан «Құрмет» орденін алды
Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы университетінің профессоры, Қостанай облысының құрметті азаматы Қалқаман Хасенұлы Жақып бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Құрмет» орденін алды.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы кең көлемде аталып өтеді
Енді екі аптадан кейін әлемдік маңызы бар тарихи оқиға – Ұлы Жеңіске 80 жыл толады. Ассамблея сессиясында Мемлекет басышысы бұл мереке кең көлемде атап өтілетінін жеткізді.
Қазіргі жағдайда БҰҰ баламасы жоқ ғаламдық ұйым болып қала береді – Президент
Өкінішке қарай, дүние жүзі сенім дағдарысымен бетпе-бет келген шақта экстремистік идеологияның оралуы, популизм мен талас-тартыстың өршуі, халықаралық құқықтың құнсыздануы, негізгі халықаралық институттардың әлсіреуі байқалады. Ассамблея сессиясында Президент осы себепті Қазақстан БҰҰ Жарғысын қатаң ұстануды, Ұйымды реформалауды дәйекті түрде ұсынып келе жатқанын айтты.
Стратегиялық бағдарымызға сай әрекет ету – алдымызда тұрған аса маңызды міндет
Берекесіздікке бой алдырмау үшін әлемдік қауымдастық мүдделер тоғысатын тұсты іздеуге, күрделі шешімдер қабылдауға және амалсыз мәмілелер жасауға мәжбүр болады. Мемлекет басшысы Ассамблея сессиясында қатаң ескертті.
Мемлекет басшысы: «Көрші елдер шекара мәселесі жөнінде ортақ келісімге келді»
Қазақ қашанда көршісін қадірлей білген. Қуанышта да, қиындықта да көршісіне сүйенген, көршінің қасынан табылған. «Көрші ақысы – тәңір хақысы» деген ұғым дінімізде және дәстүрімізде бар. Бұл – бізге атадан қалған өсиет, анадан берілген қасиет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблея сессиясында халқымыздың тату көршілік дәстүрі әлі де жалғасып келе жатқанын тілге тиек етті.
Көк паспортымыз ұлттық бірегейлігіміздің айқын нышанына айналды – Қасым-Жомарт Тоқаев
Жыл өткен сайын төлқұжатымыздың абырой-беделі көтеріліп келеді. Бұл халықаралық қауымдастықтың бізге деген қызығушылығы артып, еліміздің ықпалы күшейе түскенін көрсетеді. Бұл жөніде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында ерекше тоқталды.
Қ.Тоқаев: «Қазақстанда адамды ұлтына, тіліне, дініне қарай кемсіту ешқашан болған емес, болмайды да»
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясындағы сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі барша азаматтарға бірдей мүмкіндік берілгенін атап өтті.
Құмар Ақсақалов: «Мемлекеттік тіл барлық этнос үшін біріктіруші фактор болып қала береді»
Қостанай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген кеңесі өтті. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен жиын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен шақырылған Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХIV сессиясына дайындық және Ассамблеяның 30 жылдық мерейтойына арналды.