Облыста 108 338 бала қосымша білім берумен қамтылған. Оның ішінде 3700 мектеп үйірмелері мен секцияларға 72 мыңнан астам бала барып жүр. «AMANAT» партиясының ҚОФ жанындағы өңірлік кеңестің кезекті отырысында облыстың қала мен ауылдық елді мекендеріндегі мектептер жанындағы аула клубтарының жұмысын ұйымдастыру мәселесі қаралды.
«AMANAT» партиясы сайлауалды уәделердің орындалу барысын Рудный қаласында тексерді
«AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалының төрағасы Алмат Досмұхамедов жұмыс сапарымен Рудный қаласына барды. Сапар аясында партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы шеңберінде іске асып жатқан бірқатар маңызды инфрақұрылымдық жобалардың орындалу барысы тексерілді.
«AMANAT» партиясы әлеуметтік нысандардың құрылысын бақылауда ұстап отыр
Қостанайда «AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы мен Өңірлік даму кеңесінің мүшелері «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасына енген маңызды әлеуметтік нысандарға бірлескен тексеріс жүргізді.
«AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалында әйелдерге арналған тақырыптық қабылдау өтті
«AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалында әйелдер мәселелеріне арналған тақырыптық қабылдау ұйымдастырылды.
Денисов және Алшан ауылдарында «AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдауы өтті
Денисов ауданының Алшан және Денисов ауылдарында «AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалының мобильді қоғамдық қабылдауы өтті. Іс-шараға партияның облыстық филиалының төрағасы Алмат Досмұхамедов, Денисов ауданының әкімі Руслан Қатпаев, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдар өкілдері, сондай-ақ «Отбасы банк» пен «Халык-Life» компанияларының мамандары қатысты.
Мәдениет майталмандарын марапаттады
Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, осы саланың ілгерілеуіне үлес қосқан өңірдегі бірқатар азаматқа «AMANAT» партиясы облыстық филиалы төрағасы Алмат Досмұхамедовтің және партия жанындағы азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» аймақтық кеңесінің төрайымы Кенжеш Оразғалиқызының құттықтаулары табыс етілді.
Халықаралық отбасы күніне орай ерекше балалары бар және көп балалы аналарға құрмет көрсетілді
Қостанайда Халықаралық отбасы күніне орай оқу-білімде, спортта және шығармашылықта жетістікке жетіп жүрген ерекше балалардың аналарын ұлықтау шарасы өтті. Бұл аналар күн сайын бала тәрбиесінде үлкен жауапкершілік пен мейірімнің үлгісін көрсетіп келеді.
Ауыл әкімдері инвестициялық жобаларын қорғап жатыр
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан “Әкімдер мектебі” жобасы аясында “AMANAT” партиясының Қостанай облыстық филиалы ауыл және ауылдық округтер әкімдерінің болжамды инвестициялық жобалар тізімін қорғау іс-шарасын ұйымдастырды.
«AMANAT» партиясы білім саласының ардагерлерін ұлықтады
Қостанайда «AMANAT» партиясы білім беру саласында ұзақ жылдар бойы табанды еңбек етіп, жас ұрпақ тәрбиесіне үлкен үлес қосқан ардагер ұстаздарды құрметтеу рәсімін өткізді. Партия ғимаратында өткен салтанатты шарада мерейтой иелеріне шын жүректен алғыс сөздер мен жылы лебіздер айтылып, гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтар тарту етілді.
Жылу компаниясында алғашқы көшпелі мобильді қоғамдық қабылдау өтті
«ҚЖЭК» мекемесінде AMANAT партиясының мобильді қоғамдық қабылдауының бірінші көшпелі қабылдауы өтті.
