Бүгін облыстық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы мен Қостанайда құрылыс жұмыстары басталған KIA зауыты ортақ келісімге келді.
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы 600 адамға ұлғаяды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын қайта бөлу мақсатында өңірлердің ағымдағы қажеттілігіне сәйкес «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» ведомство басшысының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 530 бұйрығына өзгерістер енгізеді.
Еңбек және халықты қорғау министрлігі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын талаптарды әзірледі
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңға сәйкес «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрықтың жобасын әзірледі. Бұйрықты қабылдау көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Құжат «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.
352 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
2024 жылғы 1 маусымда 66,5 мың отбасындағы 352,2 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 60,8 млрд теңге қарастырылған.
Қазақстан Оңтүстік Кореядағы отбасылық және гендерлік саясат тәжірибесін зерттейді
Қазақстандық делегация Әйелдер арасындағы гендерлік теңдік бойынша озық тәжірибе орталығының (UN Women Centre of Excellence for Gender Equality) жұмысымен танысу үшін Сеулге барды. Делегация құрамында ҚР МАМ, ҚР СІМ және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның өкілдері бар.
Қостанайдағы нысандардың көбінде мүгедектерге толық жағдай жасалмаған
Сол себепті дімкәс жандарға ол мекемелерге кіріп-шығу қиынға соғады.
Мереке күні өмірге келген нәрестелерге тосынсый жасалды
«Ауыл» ХДПП «Мейрім құшағы» комисиясының мүшелері халықаралық Балаларды қорғау күніне орай облыс көлемінде туған бірнеше нәрестеге тамаша сыйлық жасады. Оларды перзентханадан сән-салтанатын жасап, жөн-жоралғысымен шығарып алды.
Аманкелді ауданында көп балалы отбасы баспаналы болды
Аманкелді ауданында тағы да қоныс тойы. Ескі үйлерін су шайған Едіресовтерге қайырымдылық қоры атынан үй тарту етілді.
«Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесі қалай жұмыс істейді?
Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және қарау өтініштерді қабылдау және өңдеудің «e-Otinish» бірыңғай платформасында жүзеге асырылады.
Қонай шағын ауданында тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға арналып тоғыз үй салынады
Зардап шеккен тұрғындар қала әкімімен бірге болашақ баспаналарының құрылысымен танысуға барды.