ҚМДБ бастамасы аясында ұйымдастырылып жатқан «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық іс-шарасының игілігін көрген тұрғындар қатары толыға түсті. 709-шы баспананың кілті Жітіқара ауданының тұрғыны Есенғали Саматұлына табыс етілді.
Қазақстанда қанша жалғызбасты ана мен әке бар?
Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ерлер мен әйелдер туралы мәліметті жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz .
Жыл соңына дейін 37 елді мекенге сапалы ауыз су беріледі
Биыл жалпы сомасы 22 млрд теңгеге сумен жабдықтау және су бұру бойынша 69 жоба жүзеге асырылуда, өсім – 16%.
«9-20-25» баспана бағдарламасы келер жылдан бастап іске қосылады – Смайылов
Премьер-Министр Әлихан Смайылов елімізде жақын арада жаңа тұрғын бағдарламасы іске қосылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.
Елімізде жолаушыларға сапалы қызмет көрсету үшін 300 вагон жетіспейді
Қазір жолаушыларды тасымалдайтын 66 облысаралық маршрут жұмыс істеп жатыр. Пойыз билетінің орташа бағасы – 8 мың теңге. Бұл бағыттарда 13 тасымалдаушы қызмет көрсетеді. Қазақстанда жолаушыларға сапалы қызмет көрсету үшін 300 вагон жетіспейді. Бұл туралы ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев үкім отырысында мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ұлттық қор – балаларға, Отбасының цифрлық картасы және жастарды жұмысқа орналастыру – Президенттің Сайлауалды бағдарламасы қалай жүзеге асып жатыр
Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын ұсынғанына бір жыл өтті. Онда Мемлекет басшысы жаңа тарихи кезеңдегі республиканың негізгі даму бағыттарын белгілеп берді.
Өңірімізге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі келді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Рудный қаласына барып, өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлерімен кездесті.
Түркістан өңірінен делегация келді
Өңірімізге «Оңтүстіктен солтүстікке» көші-қон мәселелері жөніндегі баспасөз туры аясында Түркістан өңірінен делегация келді. Сапар барысында Түркістан облысынан қоныс аударған отбасылардың жұмыс орындарымен, тұрмыс жағдайларымен танысу жоспарланып отыр.
Тіршіліктің сауалы: нәтиже де, қолбайлау да бар
Мемлекет басшысы барлық өңір басшыларының алдына қойған маңызды міндеттердің бірі – ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту. Бұл тапсырма алдағы екі жылда толығымен орындалуға тиіс. Қазір Қостанай облысында осы бағыттағы жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Күрмеулі мәселелер де көп. Жыл басынан бергі жұмыстар облыс әкімдігінде өткен отырыста баяндалды.
Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесі көтеріледі
Елімізде қазан айының соңғы жексенбісінде Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні атап өтілді. Бүгінде республикада әлеуметтік қорғау саласында 35 мыңнан астам адам еңбек етеді. Әлеуметтік кодекс аясында әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесі өседі. Осы мақсатта оларды оқыту және оларға санаттар бере отырып, одан әрі сертификаттау көзделген. Ал 2025 жылдан бастап әлеуметтік қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі.
