Өңір халқының өмір сүру сапасын арттыру, жұмыспен қамту, әлеуметтік тұрғыда қамсыздандыру – әрдайым жіті бақылауда ұсталатын міндеттер. Бұл бағыттағы жұмыстар да нәтижесіз емес. Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А Құсайынованың мәлімдеуінше, биыл ұзын саны 42,8 мың адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр.
Қостанайда құрылыс қарқын алды
Облыста құрылыс қарқыны да бәсеңсіген жоқ. Жыл басынан бері 375,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліпті. Баспана құрылысының өсімі облыстың 16 өңірінде байқалған. Әсіресе, Әулиекөл ауданы тізім басында тұр.
Қазақстанда Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша бірыңғай сенім телефоны іске қосылады
Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың басшылығымен өткен кеңесте тұрмыстық зорлық-зомбылық пен балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллинг мәселелері талқыланды деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Өмірі өнегемен өрнектелген қария
Ол – еңбексүйгіш жан. Егде жасқа келсе де еш тыным білмей, үнемі қозғалыс үстінде, ізденіс барысында жүреді. Бойына сан өнерді сыйдырған қазыналы қарт. Бірнеше кітаптың авторы, қолөнер шебері, суретшілігі және бар. Әбдірахман ағамыздың өнеге етіп айтар қыры мен сыры көп.
Тарихшы қалай таксишіге айналды?
Бүгінде мемлекет тарапынан кәсіп қылып, нәсіп табамын деген адамға қолдау бар. Қайтарымсыз және екі пайыздық несие алып, шаруашылық шеңберін ұлғайтуға мүмкіндік мол. Бірақ, еліміздің болашағы саналатын жастар қазіргі таңда шаруашылықпен айналысуға ынталы емес. Тіпті, кейбір жас отбасылар мемлекеттен балаларға көмек ретінде берілетін әлеуметтік төлемдерге иек артып, жалқаулықтың жетегінде жүр.
Әлеуметтік жобаларға бөлінген қаржы желге ұшып жатыр
Өңірде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс төңірегінде біраз мәселе туындап отыр.
Өңірде үкіметтік емес ұйымдардың дені өз істеріне жауапсыз
Мемлекеттік органдардың алдында тұрған міндеттердің бірі – мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылын күшейту, азаматтық қоғам институттарынның белсенділігін арттыру. Әрекетсіздерді уақытылы әшкерелеп отыру да қаперде ұсталуға тиіс. Өйткені ҮЕҰ ретінде тіркелгенімен, міндеттеріне немкеттілеу қарайтын «ұйымдар» аз емес.
Қоғамның жекелеген санаттарына берілетін жәрдемақы мөлшері ұлғайтылды
Өңірімзге жұмыс сапары барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова мүгедектігі бар адамдарға арналған Қостанай облыстық оңалту орталығында болды. Рудный қаласының отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығына барып, барысымен танысты. Қызмет алушылармен кездесіп, қиын жағдайдағы отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары туралы да хабардар етті.
Атаулы әлеуметтік шаралар отбасының цифрлық картасымен анықталады
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова Қостанай облысына жасаған сапарында хабардар етті.
Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау шаралары күшейтілді
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова өңірімізге жұмыс сапары аясында үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен, өңір тұрғындарымен және әлеуметтік мекемелердің ұжымдарымен кездесуінде айтты.