Жақында әлеуметтік желіде Шеген ауылында салынып жатқан су құбырының бірінші көтерілімін су басып жатқаны жөнінде бейнежазба тарады. Оны жариялаған тұрғын жағдайдың күрделі екенін айтып дабыл қаққан. Тіпті, бір қараған адам «құбыр жарылып кеткен» деп түсінуі мүмкін еді. Негізінде ол сәуір айында “Қыз қашқан” бөгетінің тұсын тасқын бұзып кеткеннен кейін төрт шақырым жерге жайылған су еді…
Арқалықта үш ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр
Арқалықта құны 340 млрд теңге болатын үш ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылу үстінде. Нәтижесінде, 2023-2027 жылдар аралығында 1200 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Бұл туралы қала әкімі А.Асановтың тұрғындармен есепті кездесуінде айтылды.
Арқалықта жас спортшы чемпионаттан жүлдемен оралды
Қарағанды қаласында жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан өткен Қазақстан чемпионатында арқалықтық жас спортшы Еділ Нұрахмет 33 келі салмақ дәрежесіне дейінгі сайыста екінші орынды иеленіп, күміс медалды қоржынға салды.
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Науырзым өңірінде болды
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Науырзым ауданына жұмыс сапарымен барып қайтты. Буревестник ауылында кәсіпкерлерімен және жергілікті тұрғындармен кездесіп, мал шаруашылығын дамыту, кадр тапшылығы, кәсіпорын жұмысшыларының еңбекақысы, субсидиялау, қыс мезгіліндегі жолдарды тазалау мәселелерін талқылады.
Арқалық қаласында жолаушылар тасымалы жанданды
Биылғы маусым айынан бастап, Арқалық қаласында қоғамдық автобустар жұмысы жандана бастады. Жолаушылар тасымалымен айналысатын «Ayala Trans Group» ЖШС 121 млн теңгеге 4 жаңа автобус сатып алды.
Бие байлап, саудасын қыздырған
«Сары қымыз сүйегіңе сіңсе, сан ауруды кеседі» деп атам қазақ бекерге айтпаған. Балдай қымыз – дертке шипа, денеге – күш береді. Қазіргі заманда шипалы сусынға сұраныс көп. Отандастарымыз қазіргі таңда қымызды той-томалақта арақ-шараптың орнына қолдануды да әдетке айналдыра бастады. Қазақтың ақ дастарқанынан өзіміздің ұлттық сусынымызды көріп марқайып жатамыз.
Жітіқара ауданында құтқарушылар балықшыны аман алып қалды
11 маусымда сағат 10:28-де Жітіқара қаласының құтқарушылары көмек қажеттігі туралы хабарлама алды, деп хабарлайды Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Арқалықта елу балаға Алматыға жолдама берілді
Арқалықтан 50 бала Алматыға аттанды. Жеткіншектер «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорының қолдауымен «Айналайын» сауықтыру орталығында демалып келеді.
Жанкелдин ауданында жайылымды киіктер жайлап алды
Жанкелдин ауданы Қызбел ауылдық округінің шаруа қожалықтары «мал жайылымы мен шабындықта киіктер қаптап кетті» деп дабыл қақты. Мыңғыра төлдеген бөкендер Торғай даласында тобымен көшіп жүр.
Арқалықта Тәуелсіздік аллеясы жаңартылды
Жаңартылған Тәуелсіздік аллеясында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Менің елім – Қазақстан» атты патриоттар акциясы өткізілді.