Жиында қаланың және өңірдің даму көрсеткіштері жария етіліп, алдағы уақытқа құрылып отырған жоспарлар баяндалды.
Кездесу соңында азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылды. Онда өңір басшысы әрбір азаматтың мәселесін тыңдап, олардың түйткілдері мен ұсыныстарына құлақ түрді.
Көтерілген негізгі мәселелер:
• Әлеуметтік тұрғыдан осал топтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ қозғалысы шектеулі азаматтардың спортпен шұғылдануына жағдай жасау;
• Аула мен көшелерді абаттандыру: заманауи балалар және спорт алаңдарын салу, жол инфрақұрылымын жақсарту;
• Жаңа жұмыс орындарын құру, шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ өңірге инвестиция тарту жоспарлары.
«Әрбір өтініш жеке бақылауға алынды. Осындай кездесулер қала тұрғындарының өмірін жақсарту үшін қай бағытта және қалай жұмыс істеу керегін нақты түсінуге мүмкіндік береді. Белсенділік пен сындарлы диалог үшін қостанайлықтарға алғысымды білдіремін. Сіздердің ұсыныстарыңыз бен қатысуларыңыз – оң өзгерістердің кепілі!» – деп жазды облыс әкімі инста-парақшасында.