Кеншілер қаласының жас өнерпаздары Стамбулда бақ сынайды

Кеншілер қаласының жас өнерпаздары Стамбулда бақ сынайды

Астана қаласы Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында өткен “Alash Star” конкурсынан Рудный қалалық дарын мектебінің өнерпаздары бас жүлдені жеңіп алды. 

«Бұл байқауға “Алтын домбыра” үйірмесінің 15 шәкірті қатысқан болатын. Оқушылар “Жауға” күйін орындап шықты», – дейді «Алтын домбыра» студиясының директоры Назгүл Абайқызы Дүйсенова.

Конкурстан жүлделі Гран при ұтып алған Ақбота Жұматай мен Дарина Қазгелдінің шәкірттеріне Стамбулда өтетін әлемдік байқауға жолдама берілді.

Дүниежүзілік байқауда бақ сынайтын балалардың тізімі:

1. Ерасыл Байымбетов

2. ⁠ Ақмаржан Байымбетова

3. ⁠ Нұрбек Киличев

4. ⁠ Арлан Абдуллаев

5. ⁠ Нұрислам Амангелдиев

6. ⁠ Мәдина Ботабаева

7. ⁠ Альбина Алхожаева

8. ⁠ Арнұр Абдуллаев

9. ⁠ Ризат Ергешбаев

10. ⁠ Әлихан Абзалұлы

11. ⁠ Гүлдана Оразымбетова

12. ⁠ Аблайхан Бахтибаев

13. ⁠ Камила Сатыбалдиева

14. ⁠ Жәнібек Садуақасов

15. ⁠ Әсия Сейлханова

 

Гүлназ Өмірзақ

ҚӨУ студенті

Жаңалықтармен бөлісу