Бөгеттің жарылғаны туралы хабар жалған болып шықты

Бөгеттің жарылғаны туралы хабар жалған болып шықты

Бұған дейін ватсап желісінде Қостанай ауданы Заречный ауылында бөгет жарылып, тұрғын үйлерді су басты деген хабар тараған еді. Тиісті органдар осы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын алға тартты.

“Облыстық жедел штабтың деректері бойынша, бөгеттің жарылуы туралы ақпарат жалған. Азаматтарды сабырлы болуға, дүрбелеңге салынбауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз”, – делінген хабарламада.

Жаңалықтармен бөлісу