Биыл Қостанай жолдарын қайта төсеуге 248 млн теңге қаржы жұмсалды

Биыл Қостанай жолдарын қайта төсеуге 248 млн теңге қаржы жұмсалды

Жыл басынан бері мамандар жол жөндеу, күтіп ұстау нысандарына барып, екі мыңнан астам сынама алды. Оның жартысынан көбі нормаға сай болмай шыққан.

“Жолдарды тексеру барысында 760 ақау анықталды, оның 309-ы осы уақытқа дейін қапына келген жоқ. “Қостанай – Әулиекөл – Сұрған” Р-36 орташа жөндеу учаскесін тексеру кезінде (63-83 км) 12 ақау мен бұзушылықтар анықталды”, – деп хабарлады жол активтері ұлттық сапа орталығының облыстық филиалы.

633 өрескел ақау анықталды. Жаңа төселген жолдарда асфальтбетон жабынының көлденең жарықтары, жабынның біркелкі болмауы сияқты келеңсіздіктер бар.

“Анықталған ақауларға жол төсемдері тегістігінің сақталмауы, асфальт төсеу алдында битумның дұрыс төгілмеуі негізгі себеп болып тұр. Осы мердігерлік ұйымның жұмысы осы ақау жойылғанға дейін тоқтатылады”, – деп түсіндірді ведомствода.

Орталықтың зертханасында жол-құрылыс материалдарын тексеріп, сынақтан өткізгеннен кейін тапсырыс берушілер мен мердігер ұйымның атына пайда болған ақауларды түзетудің шартты мерзімдері көрсетілген хат жіберіледі.

Жою уақыты ақаудың түрлеріне байланысты. Олар директивалар белгіленген мерзімдерге сәйкес келуі керек. Егер апаттық жағдай қауіпті болса, онда ол он күн ішінде жойылуы керек. Барлық анықталған ақаулар мердігер ұйымның қаражаты есебінен жойылады. Бүгінгі таңда мердігер ұйымдар есебінен жалпы сомасы 248 млн теңгеге жол қайта төселді.

Жаңалықтармен бөлісу