22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне орай «Қостанай таңы» газеті «Шебердің қолы ортақ» атты облыстық байқау жариялайды. Он саусағынан өнер тамған қолөнер шебері болсаңыз, біздің байқаудың жеңімпазы атанып, бағалы сыйлықтар иеленуге мүмкіндігіңіз бар!
Тағдырлас тұлғалар
Алаштың айтулы азаматтары, алып тұлғалы үш бәйтерек – Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин және Ілияс Жансүгіровтың ерен еңбектерін бүгінгі ұрпақ білуі керек. Оларды неліктен бәйтерекке теңеген? Өйткені, үш тұлға да қазағының руханиятына сая бола білген арыстар.
Жауынгерлер рухына тағзым
Білім бөлімінің ұйымдастыруымен №1 Құсмұрын жалпы білім беретін мектебінде Әулиекөл ауданының оқушылары арасында Ауғанстаннан әскерлердің шығарылуының 35 жылдығына және ҚР Қарулы Күштері құрылуының 32 жылдығына арналған “Жас Сарбаз” әскери-спорттық жарысы өтті.
Жауынгерлер рухына тағзым
Білім бөлімінің ұйымдастыруымен №1 Құсмұрын жалпы білім беретін мектебінде Әулиекөл ауданының оқушылары арасында Ауғанстаннан әскерлердің шығарылуының 35 жылдығына және ҚР Қарулы Күштері құрылуының 32 жылдығына арналған “Жас Сарбаз” әскери-спорттық жарысы өтті.
Қазіргі инновациялық сандық білім ресурстары мұғалімнің көмекші құралы
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа тағылымды білім берудің жаңаша жүйесі жасалып, білім беру кеңістігіне енуге бағыт алғаны баршамызға белгілі. Әрине, бұның баршасы оқу үдерісіндегі әжептәуір өзгерістерге байланысты ұйымдастырылып отыр. Сондықтан да барша ұстаздар қауымының алдында тұрған ең негізгі ауқымды міндеттері: оқушылардың сапалы білім, саналы тәрбие алу мүмкіншіліктерін дамыту әрі жақсарту.
Әліппенің арғы жағы – білім бағы
Қостанай ауданына қарасты Айсары жалпы білім беретін мектебінде тағылымы терең, мазмұнды да қызықты кештер жиі өтіп тұрады. Мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Мейрамкүл Базарқызы үнемі кітаптар арқылы насихат жүргізіп, ақын-жазушылар, мереке, атаулы күндер жайында кітаптар көрмесін ұйымдастырып, тәрбие жұмыстарын жиі өткізіп тұрады.
Мирастың ұстанымы
Жуырда Астана қаласында өткен ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың үшінші кезеңінде қостанайлық Мирас Жылқыбаев жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаз Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің 11-сыныбында оқиды. Бұл жеңіс Мирастың, мектептің, ауылдың немесе ауданның ғана емес, облысымыздың жеңісі болды. «Көп тіл білу – заман талабы». Бұл – жеңіске жету жолында өзіне таудай талап қоя […]
Мектеп мұражайы – ауыл айнасы
Мектеп мұражайы – халық мұражайларының бірі болып саналады. Мұражайда түпнұсқа материалдар, құжаттар мен хаттар т.б. сақталады. Біздің Диев жалпы білім беретін мектебінде «Өлкетану» мұражайы жұмыс істейді. Мұражайда өз өлкеміздің табиғаты, тарихы, экономикасы мен мәдениеті туралы материалдар сақталған.
ЭССЕ БАЙҚАУЫ ШАҚЫРАДЫ
Құрметті оқушылар және студенттер қауымы! «Қостанай таңы» газеті 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Мың алғыс саған, анашым!» атты эссе байқауын жариялайды! Әрқайсыңыздың осынау шығармашылық сынға түсіп, жүлдегер атануларыңызға зор мүмкіндік туып тұр!
Менің сыныбым
Баланы тәрбие нәрімен сусындату, сыныпқа жетекшілік ету, алдыңа келген бүлдіршіндермен жұмыс жасау – мен үшін үлкен бақыт. 4 «А» сыныбымда 13 оқушы бар. Олардың үшеуі ұл, қалғаны қыздар. Барлық оқушылар тәртіпті. Үш үздігіміз бар, олар Уалихан Қонысбай, Баян Өтеулі, Ақбота Нағашыбай.