Мектеп мұражайы – ауыл айнасы

Мектеп мұражайы – ауыл айнасы

Мектеп мұражайы – халық мұражайларының бірі болып саналады. Мұражайда түпнұсқа материалдар, құжаттар мен хаттар т.б. сақталады. Біздің Диев жалпы білім беретін мектебінде «Өлкетану» мұражайы жұмыс істейді. Мұражайда өз өлкеміздің табиғаты, тарихы, экономикасы мен мәдениеті туралы материалдар сақталған.

2022-2023 оқу жылының қараша айындағы педагогикалық шешіміне сәйкес 2024 жылдың қаңтар айына дейін оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту үшін мұражайда эксперименттік зерттеу алаңы жұмыс істеді. Бір жыл ішінде атқарылған жұмыстар өте көп. Эксперименттік зерттеу зерттелетін құбылыстардың нәтижелерін анықтау үшін эксперимент арқылы деректерді салыстырады. Осы орайда эксперимент кезеңдерін әзірлеу және эксперимент алаңын жүзеге асыру үшін мұғалімдердің және тәжірибе алаңының жұмысына қатысу үшін 8-сыныптың ынталы оқушыларының шығармашылық тобы құрылды. Мектептің тарих пәні мұғалімі Ербол Абдрахманов мектеп мұражайынан алынған материалдарға талдау жасады. 8-сынып оқушылары үшін жобалық жұмыстар тақырыптарының тізбесі дайындалды. Тарихты зерттеуге қызығушылықты анықтау мақсатымен оқушыларға және педагогтардың эксперименттік жұмысқа дайындығына сауалнама жүргізілді. Алынған материалдарды зерттеуге бағытталған әдістемелер, технологиялар таңдалды. Білім беру ұйымында экспериментке қатысушылардың функциялары бөлінді және шығармашылық отырыстар өткізілді. «Туған өлкенің тарихын зерттеудегі жобалау және зерттеу қызметінің рөлі» тақырыбында оқыту семинары өтті. 9-сынып оқушылары арасында «Ауыл тарихындағы менің отбасым» атты эсселер жинағы, «Көше атаулары олардың есімдерімен аталды» шағын жобасы, «Біздің ауылдың батырлары» зерттеу жобасы, «Малтабар-Миссионер.Адам.Дәуір» шағын жобасы, «Ауыл мерекелерінің тарихынан» 3 тілдегі шағын жобасы, «Картадағы нүкте» жобасы альбомдары әзірленді. Сонымен қатар, қызықты адамдармен кездесу ұйымдастырылды. «Оқитын отбасы» айдары бойынша Мейрамхан мен Рая Сүлейменованың «Диев, сен жер бетінде жалғызсың!» авторлық кітабын оқу есебі талқыланды. Мектеп мұражайының электронды материалдар базасы құрылды. «Менің отбасымның дәстүрлері» тақырыбында ағылшын тілінде фотоколлаж жасалды. Мамыр айында Диев ауылының киелі жерлеріне саяхат ұйымдастырылды. Оқушылар арасында «Менің ауылымның жеті кереметі» ғылыми жұмысы әзірленіп, Рауан Долданов Мәдина Сейітованың жетекшілігімен аудандық ғылыми жұмыс байқауынан жүлделі 3-ші орынды иеленді. «Ауылдың макетін жасау» презентациясы көрсетілді. Табиғатты зерттеу мақсатымен ауыл маңында екі күндік жорықтар ұйымдастырылып өткізілді.

Эксперименттік алаң жұмысын қорытындылауда жарнамалық нұсқаулық пен «Диевке қош келдіңіз!» буклеті жасалды. «Диев, сен жер бетінде жалғызсың!» жобалар жинағы басылды. Жоспарға сәйкес барлық жұмыстар өз деңгейінде орындалды.Алдағы уақытта зерттеу жұмысын қорытындылау және іс-тәжірибені бөлісу үшін аудандық семинар өткізу жоспарда бар.

Мәншүк ИРГАСИМОВА,

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі,

Мәдина СЕЙТОВА,

информатика пәнінің мұғалімі

Әулиекөл ауданы,

Диев ауылы.

Жаңалықтармен бөлісу