Менің сыныбым

Менің сыныбым

Баланы тәрбие нәрімен сусындату, сыныпқа жетекшілік ету, алдыңа келген бүлдіршіндермен жұмыс жасау – мен үшін үлкен бақыт. 4 «А» сыныбымда 13 оқушы бар. Олардың үшеуі ұл, қалғаны қыздар. Барлық оқушылар тәртіпті. Үш үздігіміз бар, олар Уалихан Қонысбай, Баян Өтеулі, Ақбота Нағашыбай.

Оқушыларым алғыр 2023  оқу жылында сыныпқа жетекшілік ете жүріп  талай жетістіктерге  қол жеткіздік. Мектепшілік қоғамдық іс-шараларға белсене қатысады. Жақында «Абай» пәндік олимпиадасының қалалық кезеңінде математика пәні бойынша Саят Қуанышжан, Айару Ерболатқызы, Ақбота Нағашыбай, Нұрай Елемес 1-орын иеленсе, қазақ тілі пәні бойынша 1-орынға ие болған оқушылар Сезім Төлеу, Назым Жауынбай, Баян Өтеулі.

Жадыра Жақыпова,

сынып жетекшісі.

Жаңалықтармен бөлісу