Аманкелді ауданында Аманкелді Имановтың 150 жылдығына және ауданның құрылғанына 95 жыл толуына орай “Ардагер Аманкелді – ердің ері” атты республикалық айтыс басталды. Айтысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген ақындар бақ сынауда.
Білім және денсаулық сақтау жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы
«АМАNАТ» партиясы Қостанай облыстық филиалы жанындағы Білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Бас редактор аудан әкімімен кездесті
Бүгін облыстық «Қостанай таңы» газетінің бас редакторы Кенжеш Оразғалиқызы Науырзым ауданы әкімі Мәди Ихтиляповтың қабылдауында болды.
Жітіқарадан Астанаға дейін пойыз қатынайтын болды
Қостанай облысынан елордаға дейін тағы бір пойыз қатынайтын болды. Осы аптада «Жітіқара-Астана» пойызының алғашқы жөнелтілімі аттанды.
Қостанай филармониясының маусымашар концерті өтеді
Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы, Н.Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі ертең «Дала дүбірі» атты концертін өткізеді.
Тұлға рухына тағзым етті
Бүгін Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Осыған орай бір топ зиялы қауым, Ахаң атындағы университет оқытушылары мен студенттері тұлғаның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тазғым етті.
Игерілмей қалған жерлердің иесі кім?
Биылғы жазда Қостанай қаласында иесіз жатқан 30 жер учаскесі анықталып, есепке алынған. Қараусыз қалған меншік немесе аяқталмаған құрылыс нысандары, әсіресе, бау-бақша серіктестіктерінің аумағында көптеп кездеседі.
Түсiндіру-алдын алу іс-шарасын өткізді
Террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң дайындығын анықтау үшiн осы жылғы 29 тамызында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті Терроризмге қарсы орталығы бөлiмi облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы басқармасымен бiрлесiп, Қостанай облысы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі басшылығымен және қызметкерлеріне түсiндіру-алдын алу iс-шарасын өткiздi. Iс-шараға 80-ға жақын адам қатысты.
Марат Жүндібаев: “Сапаға мән беретін кез келді”
Мемлекеттік сатып алу порталының деректеріне сәйкес, Қостанай қаласында 2023 жылға арналған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың жалпы сомасы 44 млрд 595 млн теңгеге тең.
Қазақ-қытай жолшылары меморандумға қол қойды
Қазақстандық және қытайлық жолшылар жолдардың сапасын жақсарту мақсатымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.