Игерілмей қалған жерлердің иесі кім?

Игерілмей қалған жерлердің иесі кім?

Биылғы жазда Қостанай қаласында иесіз жатқан 30 жер учаскесі анықталып, есепке алынған. Қараусыз қалған меншік немесе аяқталмаған құрылыс нысандары, әсіресе, бау-бақша серіктестіктерінің аумағында көптеп кездеседі.

Иесіз жер телімдеріне қатысты жасалып жатқан іс-шаралар туралы қалалық әкімдікте өткен дүйсенбілік аппарат кеңесінде жер қатынастары бөлімінің басшысы Марат Темірбаев айтты. Жер телімдеріне құқық белгілейтін құжаттардың болуын және оларды “азаматтарға арналған үкімет” порталында тіркелгенін қадағалайтын орган дәл осы – қалалық жер қатынастары бөлімі. Биыл аталмыш бөлім иесіз деп танылған жер учаскелерін коммуналдық меншікке өткізу үшін тиісті жұмыстарды қолға алмақ.
Жер телімдерінің қараусыз қалуына не себеп? Кейбіреулер жерді жеке меншікке алады да, құрылысты бастап, артынша аяқсыз тастап кетеді. Игере алмаса да иеленіп қалуға тырысады. Соның салдарынан қараусыз ғимараттар көбейіп, бос жатқан жерлер күл-қоқыстың орнына айналуда. Шаһар басшысы Марат Жүндібаев мұндай жерлерді қайтадан мемлекет меншігіне қайтарып, мақсатты пайдалануды ұсынды.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Жаңалықтармен бөлісу