Сәуір айының 6 – сы мен маусым айының 6 – сы аралығында Арқалық қаласы аумағын санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандырудың екі айлығы басталды.
Қостанайда ұлттық қолөнер орталығы ашыла ма?
Тобыл-Торғай өңірі қолөнер шеберлеріне кенде емес. Бірі – ағаштан түйін түйсе, бірі – зергер, шебер, тоқымашы. Осы ұлттық өнердің шырағын сөндірмей келе жатқан қолы алтын азаматтарымыз көмекке мұқтаж. Оларға үкімет тарапынан қолдау қажет. Дәл қазір билік тарапынан сұрайтындары бір-ақ нәрсе. Ол – ұлттық өнер орталығын ашатын ғимарат. Әйтпесе біздің қолөнершілер тарыдай шашылып, қуықтай жерді жалға […]
Жастарға арналған ипотекалық бағдарламалар таныстырылды
А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ педагогоикалық институтында студенттерге баспана алуға бағытталған жастарға арналған бағдарламалар туралы айтылды.
Ұлттық нақыштағы корсет сәнге айналды
Соңғы кездері ұлттық нақышпен өрнектелген киімдер сәнге айналып келеді. Былтырғы жылы қаракөз қыздарымыз түрлі салпыншақпен көмкерілген тақия киіп жарысса, биыл ою-өрнегі бар корсеттер қайтадан сәнге оралды.
Спорт басқармасында жаңа басшы
Дзюдодан республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, қазақ күресінен “Қостанай қыраны” атағының иегері, Азия чемпионы. Самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мұрат Кинтонов облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Қостанай облысында аң аулау маусымы ашылды
Ағымдағы жылдың 6 сәуірінен бастап Қостанай облысының аумағында суда жүзетін құстарға көктемгі аң аулау маусымы ашылды. Бұл туралы Қостанай облысы ПД табиғатты қорғау полициясының инспекторы Тимур Нұрсаитов мәлімдеді.
Қостанайлық тергеушілерді қызметтің құрылған күнімен құттықтады
️Бүгін тергеушілер қызметтің құрылған күнін атап өтуде. Биыл тергеу басқармасының құрылғанына 60 жыл толды. Осы уақыт ішінде көптеген өзгерістер болды, бірақ жұмыс принциптері – адалдық пен бейтараптық өзгеріссіз қалды.
Облыста 3600 бала уақытылы екпе алмаған
Қостанай облысында қызылшамен ауырған екі жасар бала тіркелді. Бала ауруға қарсы екпе алмаған. Сараптама көрсеткендей, ол 18-20 наурыз аралығында Ресейде болған. «Демек, науқас ауруды сол жақтан жұқтырып келген», – дейді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлім Досымова бүгінгі өткен брифингте.
Әлеуметтік жобаның ерекшелігі неде?
«Білім беру саласындағы инвестициялық жобалар» қаржы орталығы АҚ өкілі Қайсар Төлепбаев аталмыш мекеме жүзеге асырып жатқан білім беру саласындағы әлеуметтік жобалар туралы айтып берді.
Бишілер шеберліктерімен бөлісті
Облыстық халық көркемөнерпаздар шығармашылығы және кинобейнқор орталығы облыстық білім басқармасымен бірлесіп шеберлік сыныбын өткізді. Ол Қостанай педагогикалық колледжінде өтіп, «Көркемөнерпаздар би ұжымдарындағы би композициясының қойылымдық жұмысы» тақырыбын қамтыды. Осылайша жиналғандар кәсіби деңгейді арттырып, озық тәжірибе алмасып, би композициясын сахналау жұмысының жаңа технологияларымен танысып, біліктілігін арттырды.