Жастарға арналған ипотекалық бағдарламалар таныстырылды

Жастарға арналған ипотекалық бағдарламалар таныстырылды

А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ педагогоикалық институтында студенттерге баспана алуға бағытталған жастарға арналған  бағдарламалар туралы айтылды.

Шараға  ​«Отбасы банк» АҚ өкілдері, Қостанай қаласының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің өкілі және заңгер қатысты.

Диалог алаңында тиімді ипотекалық бағдарламалар арқылы тұрғын үй сатып алу үшін депозиттерді ашу және толықтыру туралы  Әмір Ескендіров  айтып берді.

«Отбасы Банк арқылы үй алғыңыз келсе, ең алдымен біздің банкте депозит ашу қажет. Депозит ашу тегін. Біздің банкте жастарға арналған бағдарламалар бар.  «Жас шаңырақ» бағдарламасына қатысушының банкте үйдің бағасының 10% құрайтын салымы болса болғаны.  «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен алғашқы жарнасыз үй алуға болады. Айта кету керек, депозитте неғұрлым ұзақ уақыт ақша жинасаңыз, соғұрлым қосылатын пайыз мөлшерлемесі де төмендей береді, – деді Ә. Ескендіров.

Басқосуда азаматтардың жекелеген санаттары үшін жалға берілетін тұрғын үйдің мемлекеттік бағдарламалары және жалға алушы мен жалға берушінің құқықтары мен міндеттері және тұрғын үйді жалға алу мәселелеріндегі басқа да заңдық ерекшеліктер талқыланды.

Жаңалықтармен бөлісу