Қостанай облысы ПД-нің ардагерлер кеңесі Қостанайдың жаңа көшелерінің біріне генерал Самат Бәкіровтің есімін беру туралы бастама көтерді.
Интернет байланысын жақсартудың амалы
Қостанай облысында мобильді интернеттің сапасын жақсарту мақсатында ақпараттандыру басқармасы байланыс операторларымен бірлесіп, 2022 жылы 200-ге жуық АЕМ-ді 4G стандартының ұялы байланысымен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізді. Оның ішінде 28 базалық станция салынған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңындағы брифингте облыс әкімдігі ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының басшысы Азамат Қашиев мәлімдеді.
“Тобыл” ширек финалда
Қазақстан кубогының 1/8 финалының жауапты кездесуін Қостанайдың “Тобылы” павлодарлық “Ақсумен” сырт алаңда өткізді.
Жамағаттың игілігіне – жаңа мешіт
Қасиетті Шәууал айында, күндердің сұлтаны – жұма күні өңірімізде тағы да бір тамаша мешіт салтанатты түрде ашылды. Ұлтымыздың ұлы тұлғасы атақты Бармақ батыр ұрпақтары – елімізге белгілі Тұрсыновтар әулеті ұйытқы болып, Қуанышбек Жанәбілұлының бастамасымен Қарасу ауданының Комсомол ауылындағы мұсылман ағайынға арнап зәулім де көрікті, сәні мен салтанаты жарасқан Алланың үйін тарту етіп жатыр.
Науырзым қызғалдағы бүр жарды
Қызғалдақ қазақ жерінен тараған. Қазақ жерінің далалық аймақтарында көп кездесетін өсімдіктердің бірі қызғалдақ гүлі. Кездесетін 32 түрінің 12-сі Қазақстанның эндемигі болып саналады. Оның сирек кездесетін 18 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл Кітабына енгізілген. Қазақ жерінде осынау әсем гүлдің сонша көп түрі кездескеннен кейін Қазақстан – қызғалдақтар отаны болып саналады.
“Әкешім – мақтанышым!”
Ата-ананың балаға дұрыс тәрбие бергені – ең үлкен жауапкершілігі әрі өмірлік бақыты. Ананың орны қашан да төр. Бірақ отбасының бәйтерегі – асқар тау әкенің орны айрықша ғой. Патша, ұлық, би-шешен болмаса да, әке бала үшін тау тұлға!
Ел татулығы отансүйгіштікке жетелейді
Халқымыздың этно саясатымен жүзеге асырылып жатқан конфессияаралық келісіміміз ел жастарын отансүйгіштікке, рухани-адамгершілік мәдениетіне тәрбиелеп, бірлігіміздің артуына нақты себеп. Бұл ынтымағамыз жастар ассамблеясы мен түрлі этнос өкілдерінің басын біріктіруде.
Шеберлігі зергерлікпен астасқан
Бүгінгі «Сән мен сымбат» айдарының кейіпкері Қостанай қаласының тұрғыны – Гүлжанат Нұржан. Ол әйелдерге арналған қажекей мен этно шапандарды ұлттық нақышқа бейімдеп, әшекейлермен безендірумен айналысады. Бұйымдары көздің жауын алады.
Жануарлар чиптеледі
Ішкі істер министрлігі мал ұрлығының алдын алу мақсатында ауыл шаруашылығы жануарларын чиптеуді ұсынады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ІІМ Тергеу департаментінің басқарма бастығы Ермек Шүлден айтты.
Құмар Ақсақалов: «Әр азамат өз ауылының жанашыры болуы керек»
Үш жыл қатарынан болған қуаңшылық агроөнеркәсібі шалқыған Жітіқара өңіріне оңай тиген жоқ. Былтырғы тәуір егін мен көктің шығымы шаруалардың еңсе көтеруіне сеп болғандай. Биыл бірінші тоқсанындағы жағдай бойынша экономика дамуының негізгі көрсеткіштері оң қарқын көрсетіп отыр.