Ахаң мен Жақаң ауылдарының жолдары жөнделеді

Ахаң мен Жақаң ауылдарының жолдары жөнделеді

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов журналистрмен болған баспасөз мәслихатында   Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының ауылына апаратын жолдардың қашан жөнделетінін  сұраған журналистерге де нақты жауап қатты.

«2021 жылы Ахмет Байтұрсынұлының ауылына баратын жолға шамамен 27 шақырым асфальт төселген еді. Ал ауыл аудан орталығынан 120 шақырым алыста орналасқан. Биыл қалған 80 шақырым жолға қаражат бөлінді. Келесі жылы жұмысты аяқтайын деп отырмыз.   Ал Қызбел ауылы орталықтан 140 шақырым жерде орналасқан. Оған 1,5 млрд теңге қарастырылды. Биыл оның 15 шақырым жолы жөнделді, қалғанын келесі жылы аяқтаймыз», – деді Құмар Іргебайұлы.

ол өңірде жолдарды дамытуға шамамен 73,8 млрд теңге бөлінгенін айтты. Облыс аумағындағы республикалық маңызы бар тас жолдар да бар. Биыл жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге 36,6 млрд теңге бөлінді.

Бұл рекордтық көрсеткіш әрі 2022 жылғы сомадан 2,8 есе артық. Елдегі бірде-бір облыс жергілікті бюджеттен мұнша көп қаражат бөлген жоқ. Көшелерді жөндеудің өзіне 20 млрд теңге бөлінген.Соның арқасында  108 елді мекенде 371 көше жөнделді.

Әлібек ЫБЫРАЙ

Суретті түсірген Бердіболат Көркембаев

 

Жаңалықтармен бөлісу