Қаңтар-маусым айларында 7,4 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды “ҚазАқпарат” тілшісі.
Жас өреннің өнерін Түркия елі де біледі
Облысымызда алғаш жетіген аспабын насихаттап, бүгінге дейін жас өнерпаздарды тәрбиелеп жүрген өнер иесі Әсем Искакованың еңбегі ерен. Қазіргі таңда оның шәкірттері халықаралық деңгейде жүлделі орындарды иеленіп келеді. Сондай талантты оқушыларының бірі – Тоғжан Бейсенбек.
Қасиетті өлке Өлеңді ауылының құрылғанына – 61 жыл
Науырзымның нулы, сулы, шұрайлы өлкесін жайлаған Өлеңді ауылы биыл үлкен бір шаруаны қолға алды. Ауыл іші, аруақтар мекені – зират маңайы мұқият тазаланып, жолдарына тас төсеу жұмыстары басталып кеткен. Мұның бәрі бірліктің, елім деген аяулы азаматтардың арқасы.
Қожаназаров өңірдің тауар өндірушілерімен кездесуінде қандай ұсыныс айтты?
Парламент депутаттары 30 маусымнан 1 қыркүйекке дейін демалыста болады. Алайда халық қалаулылары демалыстарының бір айын қалыптасқан үрдіс бойынша аймақтарды аралап, халықпен жүздесулер өткізеді. Өңірлерді аралау бағдарламасы аясында Respublica партиясынан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдарбек Қожаназаров аймаққа іссапармен келді.
Адамгершілік жолы
Жемісі жоқ ағашты көрсең, терек, Бір отыннан баскага ол неге керек. […]
Қазақстандық әзірлеуші “цифрлық алкоголь” құпиясын ашты
Қазақстандық әзірлеуші ресейлік көрмеде дүр сілкіндірген цифрлық алкоголь деп аталатын заттың шынайы мақсатын атады, деп хабарлады Tengrinews.kz.
Биыл медицина және фармацевтика бойынша білім алуға ниетті талапкерлер үшін қанша грант бөлінеді?
Биыл медицина және фармацевтика саласы бойынша білім алу үшін талапкерлерге жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі ұйымдардан қанша орын бөлінетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ұялы байланыс қызметтерінің ақысын мемлекеттік реттеу ұсынылды
Қазақстанда осы саланы қоғамдық маңызы бар нарықтарға жатқыза отырып, ұялы байланыс қызметтерінің бағаларын мемлекеттік реттеуді енгізу ұсынылады. Бұл туралы жақында Ашық НҚА сайтында пайда болған “бәсекелестік мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” құжатта айтылған деп хабарлады ҚазАқпарат.
Ұрыны ұстауға көмектескен жасөспірімдер марапатталды
Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин батыл әрекеттері мен ұлдарын лайықты тәрбиелегені үшін жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына грамоталар мен алғыс хаттар табыс етті.
Есірткі таратқан полицей ісіне қатысты тың деректер шықты
Мамыр айының басында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті және өңірлік полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері бірлескен операция барысында синтетикалық есірткі затын таратты деген тәртіп сақшысын ұстаған еді.